Сарымайдың сапасын сынау және бақылау Тағамдық және биологиялық бағалылығы


Майға маргарин қосылғанын анықтау



бет3/3
Дата04.03.2023
өлшемі20,57 Kb.
#71538
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Сарымайдың сапасын сынау және бақылау

Майға маргарин қосылғанын анықтау



  1. Сүзгі қағазды еріткен майға батырып, тұтатып өшіреді. Егер майға маргарин қосылған болса, өшірілген майшамның иісі сезіледі.

  2. Цега реакциясы. Сынауыққа 20 мл мұзды сірке қышқылы не болмаса 3 бөлік спирттен, 6 бөлік эфирден,1 бөлік күйдіргіш сілтіден тұратын қоспаға 1 г ерітілген май үлгісін қосады. Таза май түгелдей еріп, ерітінді түсі мөлдір күйінде қалады, маргарин қосылған болса, ерітінді лайланып кетеді.



Майлылығын анықтау


Анықтау әдісі:2 г май, тығыздығы 1,5 тең 19 мл күкірт қышқылын, 1 мл тығыздығы 0,81 изоамил спиртін майанықтағышта өлшейді. Майанықтағышты резинка тығынмен тығындап, температурасы 65ºС су моншасына 8 минут тығын жағымен төмен қаратып қояды. Айтылған уақыт өткен соң 5 минут центрифугада айналдырады. Содан кейін қайтадан 5 минуттан 65-75ºС температурасы бар су моншасына қояды. Көрсеткен бөлшектердің санын 2,5-ке көбейтіп майдың %-дық көлемін шығарады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Сарымайдың химиялық құрамы

  2. Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау тәсілі

  3. Ылғалдылығын анықтау тәсілі

  4. Майға маргарин қосылғанын анықтау тәсілі

  5. Майлылығын анықтау тәсілі

  6. Сарымайға қойылатын талаптар

  7. Химиялық құрамы бойынша сарымай талаптары

  8. Сарымайдың сапа көрсеткіштері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет