Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


«Жылу тізбегінің» бөлімдері (741 бұйрық)



бет30/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

«Жылу тізбегінің» бөлімдері (741 бұйрық)

  1. Босану бөлмесінің температурасы 250-260С-тан кем болмауы керек.

  2. Жаңа туған нәрестені жылы жөргекке қабылдап алу және құрғатып сүрту.

  3. Баланы анасының кеудесіне салу: тері-теріге қатынасы.

  4. Стерильді жылы жөргекпен қайталап құрғатып сүрту.Балаға бас киім, шұлық кигізу, үстіне жөргек және көрпеше жабу.

  5. Баланы анасынан ажыратып алу (кіндігін кесу):

  6. 30 минут өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу (36,5-37,50С).

  7. Анасына емшекпен емізуді бастауға көмектесу (бала төсекті қабылдауға дайындығының белгісін көрсеткеннен кейін).

  8. Баланы анасының төсіне кеміне 2 сағатқа қалдыру (тексеруді, антропометрия өткізуді 2 сағатқа дейн қалдыру).

  9. Баланы киіндіріп анасымен бірге босанудан кейінгі бөлмеге жеткізу.

  10. Ана мен баланың тәулік бойы бірге болуын қамтамасыз ету және баланы «сұрауы бойынша» тамақтандыру.

Ескерту! Баланың киімдерін алдын ала жылытып қою қажет.
Баланың таңертеңгілік тазалығын өткізу
Мақсаты: Дене гигиенасын сақтау.Баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру.
Таза жүру әдетін қалыптастыру.
Көрсеткіші: Нәрестенің таңертеңгілік «ұйқыдан оянуы».
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  4. Жөргектейтін үстелді дез.ерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.

  5. Баланы шешіндіріп жөргектейтін үстелдің үстіне жатқызу.

  6. Баланың шешкен киімдерін кір киім салатын қапқа салу.

  7. Баланың бетін қайнаған суға салынған мақта тампонымен абайлап сүрту.

  8. қайнаған суға салынған мақта тампонымен баланың көздерін ішінен сыртқа қарай абайлап сүрту (әр көзге жеке мақта тампондары қолданылады).

  9. Сол ережемен көздерін құрғақ мақтамен сүрту.

  10. Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнатылған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5см енгізу арқылы тазалау (әр мұрынға жеке мақта қолданылады). Мақтаны мақтаны сағат тілінің бағытымен енгізіп, сол бағытта өзгермей алып шығу керек.

  11. Есту жолдарын өсімдік майына немесе қайнатылған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5-2,0 см енгізу арқылы тазалау (әр есту жолына жеке мақта қолданылады).Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе қажеттілігіне қарай жүргізу керек.

  12. Баланың иегін абайлап басып аузын ашу және ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.

  13. Қайнаған сумен кіндік қалдығын өңдеу.

  14. Табиғи қыртыстарын стерильді майға малынған мақта тампонымен өңдеу.

  15. Келесі реттілікті қатаң сақтай отырып өңдеу: құлақ арты-мойын-қолтық асты-тізе асты-тірсектабан-шат-жамбас.

  16. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

  17. Жөргектген үстелдегі жөргекті кір киім салатын қапқа салу.

  18. Жөргектейтін үстелді дез.ерітіндімен сүрту.

  19. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет