Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Гнейс кезінде бастың шашты бөлігін өңдеу



бет33/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Гнейс кезінде бастың шашты бөлігін өңдеу
Мақсаты: Себореялық қабыршықтан тазалау.
Гнейс кезінде тері қабатының зақымдануының алдын алу.
Көрсеткіші: баланың басының шашты аймағында гнейстің болуы.
Кері көрсеткіш: Баланың ауыр жағдайы.
Керекті құралдар:

  • Стерильді өсімдік майы;

  • Мақта тампондары;

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Бас киім;

  • Дәке салфеткалары 10х10 немесе 15х15см;



Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Баланы отырғызу немесе үстелдің үстіне жатқызу.

  5. Баланың шашты аймағының гнейс бар жерлерін стерильді майға матырылған мақта тампондарымен өңдеу.

  6. Өңделген аймаққа дәке салфеткаларын салып, баланың бас киімін кигізіп 2 сағатқа қалдыру.

  7. Баланы анасына беру. Жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу. Үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүрту.

  8. 2 сағаттан соң баланы шомылдыру. Шомылдыру кезінде қабыршықтарды абайлап алып тастау.

Ескерту.

  1. Қабыршықтарды зорлықпен тазалауға болмайды.

  2. Қабыршықтар толық тазаланғанша шараны бірнеше күн қайталауға болады.

  3. Шаштарға қатты жабысқан қабыршықтарды шашпен бірге қайшымен қиып алып тастау керек.

Нәтижені бағалау: баланың басындағы гнейс толық тазаланады.

«Көбелек катетермен» баланың басына көктамырларға пункция жасау
Бұл ем-шараны міндетті түрде екі медбике орындау керек.
Жабдықтар:

  1. Бір рет қолданатын «Көбелек-катетер».

  2. Бір рет қолданатын 2мл. шприц – «Көбелек-катетерды» толтыруға арналған.

  3. Дәрілі ертінділерді сорып алатын шприцтің инелері.

  4. Көктамырға ертіндіні тамшылатып жіберетін, бір рет қолданатын система-жүйе, тіреуіш-штатив.

  5. Стерильденген дәкелі заттар.

  6. Пинцет, қайшы, лейкопластырь, резенке қолғап, 70% спиртпен толтырылған құты.

  7. Керексіз заттарға арналған ыдыс- лоток.

Орындалуы:



  1. Мақсатын анасына түсіндіріп, рұқсатын алады.

  2. Қолын жуып, құрғатып, резенке қолғапты киеді.

  3. Жабдықтарды тексереді.

  4. Дәрілік құтының заттаңбасын оқып, алюминий қақпағын спиртпен әзірлеп, алып тастап, атындағы резенкелі қалпақты спиртпен сүртіп-әзірлейді.

  5. Бір рет қолданатын система-жүйені ашып, «Көбелек-катетерді» таза стерильденген ыдыс-лотокқа салады. Шприцтарды қапшығынан босатып, таза стерилденген сол ыдыс-лотокқа салады.

  6. Бір рет қолданатын система-жүйені керекті дәрілік ертіндімен толтырады.

  7. Изотоникалық ерітіндісі бар ампуланы спиртпен әзірлеп, аспаппен тіліп, қайтадан спиртпен әзірлеп тілме сызығы бойынша сындырып ашады.

  8. Шприцке 2мл. физиологиялық ерітіндіні сорып алып, система-жүйеге қосып, толтырады.

  9. Баланы жаялықпен орап, келесі әдіспен бекітеді:

Бір жаялықпен баланың қолын орап, төменгі жағымен аяқтарын орап, ішінің үстіне байлайды. Екінші жаялықпен қиғаштап орап, кеудеге байлайды. Басын екінші медбике ұстайды.



  1. Баланың басының терісін спиртпен ылғалданған түйіршікпен екі рет, бастың төбесінен, маңлайға бағыттап сүрттіп, әзірлейді.

  2. Медбике қолын спиртпен жуады.

  3. Пункция жасайтын орыннан жоғарылау самай көктамырды көмекші медбике түйіршікпен басады.

  4. Қанға толып, кеңейіп кеткен көктамырға «Көбелек-катетерді» келесі әдіспен енгізеді: қан ағымы бойынша инені бағыттап, теріні үшкір бұрышпен тесіп, ары қарай көктамырдың қабырғасын тесіп, иненің бағытын көктамырдың бағанасы бойынша алдыға жылжытады.

  5. «Көбелек-катетерге» қосылған шприцпен сорады, сол кезде қан шығу керек. Егер қан шықпаса онда ине көктамырға кірмегеннің белгісі болып саналады. Инені терінің астынан шығарып алмай, инені кішкене артқа тартып, қайтадан көктамырға пункция жасау керек. Қайтадан шприцпен сорып қан шыққанын дәлелдейді.

  6. Шрицке қан келсе, оны кері көктамырға айдап, шприцты ажыратады.

  7. Бір рет қолданатын система-жүйені қосып, тамшылардың санын реттеп, дәрілік ерітіндінің енгізілетін жылдамдығын керекті қалпына келтіреді.

  8. Иненің астына таза салфетканы орналастырып, лейкопластырьды салфетканың сыртынан орап, ұштарын иненің үстінен айқастырып өткізіп, теріге жабыстырып бекітеді.

  9. Көбелек-катетердің қанаттарының үстінен тағы бір лейкопластырді жапсырып, теріге бекітеді.

  10. Система-жүйенің түтікшенің үстіне 3-ші лейкопластырь жапсырып, теріге бекітеді. Егер, ине салбырайтын болса, астына мақталы түйіршікті орналастыру керек.

  11. Көбелек-катетер мен система-жүйенің түтікшесі бір-біріне қосылған жерді үстінен стерильденген салфеткамен жауып қояды.

  12. Ерітіндіні тамшылатып бітіргеннен кейін, система-жүйенің түтікшесін қысқышпен қысып тастап, пункция жасаған иненің үстін спиртке ылғалданған түйіршікпен басып, астынан катетерді түйіршік жане лейкопластырьмен бірге суырып, алып тастайды.

  13. Пункция жасайтын орынға стерилденген салфетканы салып, үстінен басатын таңғыш салады.

  14. Жасалған ем-шараны арнайы журналға жане баланың ауру тарихына жазады.

  15. Барлығ пайдаланған жабдықтарды жане қолындағы резенке қолғапты шешіп, бәрін залалсыздандыратын ерітіндіге салады.

Қолын жуып, құрғатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет