Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет63/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Жедел көмек алгоритмі:

    1. Баланы көлеңке жерге ауыстырып, шешіндіру.

    2. Суық су ішкізу.

    3. Басына суық компресс немесе мұз басу.

    4. Баланы төсекке жатқызу.

    5. Көп мөлшерде сұйықтық беру.

    6. Дымқыл сүлгімен сүрту.

    7. Тері астына 1-2 млкофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин енгізу.

    8. Керек жағдайда жасанды дем беру.

    9. Ауыр жағдайда-госпитализациялау.



Жылу өту.
Жылу өту- ағзаның жалпы қызып кетуіне және жылу факторының әсерінен дамитын патологиялық жағдай. Жылу синдромының негізінде жылу бөлінуден жылу пайда болуының артық болуы жатады.
Себептері: -Ылғалдығы жоғары ыстық бөлмеде болу
-ауаны нашар өткізетін қалың киім кию.
-баланың жылу көзінің немесе пештің қасында жатуы.
Белгілері: бастың ауыруы және айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, құлақтың шулауы, лоқсу, әлсіздік, құсу. Дене температурасы 400С және одан да жоғарығ көтеріліп қалтырау , мұрыннан қан кету болуы мүмкін. Тексергенде: беті қызарған, тершеңдік артады, пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда-есінен тану.
Жедел көмек алгоритмі:

  1. Баланы салқын, желдетілетін жерге ауыстыру.

  2. Суық су ішкізу.

  3. Басына суық компресс немесе мұз басу.

  4. Көп мөлшерде сұйықтық беру, салқын суға малынған жаймамен орау.

  5. Тері астына 1-2 мл кофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин енгізу.

  6. Инфузионды терапия-физиологиялық ерітінді+5% глюкоза ерітіндісі.



Жәндіктердің шағуы.
Ара, сона, кене шағу. Клиникасы жәдіктердің шаққан кезде енетін уланудың әсерінен улануға, гемолиздік әсеріне және тамырларға тигізетін әсеріне байланысты болады. Жәндіктердің уына деген жеке беа сезімталдығының маңызы да зор.
Клиникасы: Жәндік шаққан жерде ашыну, ауырсыну және ыстсқтық сезімдер пайда болады. Тексергенде: ісіну, қызару және жергілікті дене температурасының жоғарылауы. Шағу бірнеше рет болғанда жалпы реакциялар дамиды: қалтырау, бастың ауырсынуы, лоқсу, құсу, дене температурасының көтерілуі. Балада жоғарғы сезімталдық болған жағдайда улану және аллергиялық симптомдардың жеңіл түрінен ауыр түріне дейін байқалуы мүмкін: крапивница, Квинке ісігі, бронхоспазм, құрысулар, анафилактикалық шок. Бұл симптомдар шағудан соң бірден немесе 30 минуттан-2 сағат өткеннен кейін де байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет