Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Моновалентті ККП (Қызылша, қызамық, мысқыл) вакцинасын егу



бет69/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Моновалентті ККП (Қызылша, қызамық, мысқыл) вакцинасын егу
Мақсаты: Қызылша, қызамық, мысқылдың алдын алу.
Көрсеткіші: егу кестесі бойынша жасының сай келуі
Кері көрсеткіші: 38С қызбамен өтетін вирусты инфекциялар, ұзақ уақыт гормондармен емделудегі балалар, терідегі асқынған іріңді жаралар, СПИД.
Керекті құралдар:

  • Мақта домалақтары,салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел.

  • ККП вакцинасы.

  • Вакцинаны ерітуге арналған арнайы еріткіш.

  • Қара қағаздан жарықтан қорғайтын конус.

  • 2 мл шприц.

  • резіңке қолғап.

  • 70% этил спирті.

  • Қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап.

  • Қолданылған заттарды тастайтын дез ерітіндісі бар ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

  2. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

  5. Қораптан вакцина ампуласы мен еріткішті алу. 70% спиртке матырылған мақта домалағымен ампуланың мойнын өңдеу. Стерильді салфеткамен жауып сындыру.

  6. Қолданылған мақта домалағын, стерильді салфетканы дез.ерітіндіге тастау. Ампуланы мензуркаға қою.

  7. 2 мл шприцке қажетті ерітіндіні сорып алу.

  8. Вакцинасы бар ампулаға ерітіндіні қабырғасымен абайлап жіберу, бос ампуланы дез.ерітіндіге салу.

  9. Шприцтің поршендерімен сорып-қайта жіберу арқылы вакцинаны араластыру, шприцке егу дозасын жинап алу-0,5 мл.

  10. Пинцетпен салфетканы алып, оған шприцтен ауаны шығару, салфетканы дез.ерітіндіге салу.

  11. Шприцті үстелдің үстіне салфетканың астына қою.

  12. баланың санының немесе иығының сыртқы бөлігінің терісін 70% спиртке матырылған 2 мақта домалағымен өңдеу. Қолданылған мақта домалағын дез.ерітіндіге тастау, біреуін қолда қалдыру.

  13. Терінің бөлігін 1-2 саусақтармен қыртысқа жинау.

  14. Вакцинаны бұлшық етке енгізу.

  15. Инені шығарып алу. Инъекция жасалған жерді қалтырылған мақта домалағын өңдеу.

  16. шприцті қорапшаға, мақта шариктерін дез.ерітіндіге тастау.

  17. Қолғапты шешіп оны дез ерітіндіге тастау.

  18. Қолды жуып, кептіру.

  19. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет