ОПВ вакцинасын егу Мақсаты: полиомиелиттің (сал ауруының) алдын алу.
Көрсеткіші: егу кестесі бойынша жасының сай келуі
Кері көрсеткіші: 38С қызбамен өтетін вирусты инфекциялар, ұзақ уақыт гормондармен емделудегі балалар, терідегі асқынған іріңді жаралар, СПИД.
Керекті құралдар:
Мақта домалақтары,салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел.
ОПВ вакцинасы.
70% этил спирті.
Стерильді лоток.
резіңке қолғап.
Қолданылған заттарды тастайтын дез ерітіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі: Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.