Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Ескерту: Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде зертханаға жеткізілу керек. Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жинау



бет78/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Ескерту: Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде зертханаға жеткізілу керек.


Нәжісті бактериологиялық зерттеуге жинау
Мақсаты: тоқ ішегіндегі патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің сипатын анықтау және тиімді ем тағайындау.
Көрсеткіші: Жедел асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауырған бала.
Кері көрсеткіш: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Таза құрғақ қақпағы бар шыны ыдыс.

  • Таза ағаш шпатель.

  • Консерванты және сым ілгегі бар стерильді пробирка.

  • Резеңке қолғап, дез.ерітінді.

  • Горшок.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

  4. Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

  5. нәжісті таза құрғақ шыны ыдысқа таза стерильді шпательмен 2-3 гр. салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады. Шырыш, іріңді, фибринді жабындыларды алуға тырысу керек. Қан араласқан бөліктері алынбайды. Таза шыны ыдысқа салу.

  6. Шпательді дез.ерітіндіге салу.

  7. Жолдама толтыру.

  8. Материалды 1 сағат аралығында зертханаға жеткізу.

  9. Горшокты материал алынғаннан соң дез.ерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

  1. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: Нәжіс антибиотик тағайындалмай тұрып алынады және жаңа бөлінген болу керек.
Энтеробиозға қырынды алу
Мақсаты: тоқ ішектегі острицаларды анықтау және одан ары емдеу.
Көрсеткіші: баланың анус аймағының қышуы.
Кері көрсеткіш: тік ішектің жарақаты.
Керекті құралдар:

  1. 50% глицерин, немесе 1%натрии гидрокарбонатының ерітіндісі.

  2. Таза ағаш шпатель.

  3. Резеңке қолғап, дез.ерітінді.

  4. Горшок.

  5. Заттық және жабынды шыны.

  6. Крафт-қағаз, резеңке, бланк- жолдама.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет