Антибиотик ерітуге арналған ерітінділер:
1. 0,9% натрий хлорид ерітіндісі,( физ.ерітіндісі)
2. иньекцияға арналған су
3.0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі
Антибиотик
Ерітіндінің антибиотикке қатынасы
грамм
Халықаралық бірлігі
1:1
2:1
0,1
100,000
1мл
0,5мл
0,2
200,000
2мл
1мл
0,3
300,000
3мл
1,5мл
0,4
400,000
4мл
2мл
0,5
500,000
5мл
2,5мл
0,6
600,000
6мл
3мл
0,7
700,000
7мл
3,5мл
0,8
800,000
8мл
4мл
0,9
900,000
9мл
4,5мл
1
1000.000
10мл
5мл
Құлаққа тамшы тамызу Мақсаты: Ортаңғы құлақтың қабыну процесін жою, евстахиев түтігінің өткізгіштігін жақсарту.
Көрсеткіші: ортаңғы құлақтың қабынуы.
Керекті құралдар:
Резеңке қолғап.
Дәрілік препараты.
Қауіпсіз пипетка.
Шиыршықталған мақта, шариктер.
Қолданылған заттарға арналған лоток
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен танысу (аты, жарамдық мерзімі).
Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және төмен тарту (1 жастан кейін).
Тамшыны есту жолына тамызу.
Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет басу.
Құлаққа 10-15 минутқа тампон салу.
Тампонды алып тастау.
Пипетканы дез.ерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту: тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370)
Көзге тамшы тамызу Мақсаты: көздің қабыну процесін жою
Көрсеткіші: конъюктивиттер, блефариттер
Кері көрсеткіштері: жоқ.
Керекті құралдар:
Резеңке қолғап.
Дәрілік препараты.
Қауіпсіз пипетка.
Шиыршықталған мақта, шариктер.
Қолданылған заттарға арналған лоток
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен танысу (аты, жарамдық мерзімі).
Баланы арқасына жатқызу, басын аздап артқа шалқайту.
Дәріні пипеткаға сорып алу, сол қолға мақта шаригін алу.
Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тарту, баланы жоғары қарауын сұрау.
Төменгі конъюктива қыртысына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы конъюктиваға аса жақындатпаңыз).
Баланың көзін жұмуын сұрау, ерте жастағы баланың көзін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет.
Көздің ішкі бұрышынан дәрінің қалдығын мақта тампонымен алып тастау.
Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамызу.
Пипетканы дез.ерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту: 1. тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).
Керек жағдайда конъюктиваның шырышты қабатын іріңді бөлініс болған жағдайда тазартып алу қажет.