Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын көтеру.
Дәріні пипеткаға сорып алу.
Төменгі мұрын жолына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек.
Мұрынның қанатын мұрын қырына басу.
Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу.
Пипетканы дез.ерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту: 1.тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240)
1,5-3 айдағы балаларға арналған жаттығулар комплексі Бұл жаттығулар балалардың шартсыз рефлекстеріне негізделген жалпы сипалау және белсенді қозғалыстардан құралған
1. Массаж- қолды, аяқты, арқаны, ішті сипалау (а,б,в,г).
2. Белсенді қозғалыстар- аяқтың басына, омыртқа жотасының жазылуына, рефлекторлы еңбектеуге бағытталған жаттығулар (д,е,ж).