Сарсембаева Жанерке Пәні: Академиялық грамматика Силабус бойынша барлығы 7 моөЖ берілген, барлығын орындадым


Қазақ тілінің қайнар көздері болған еңбектер, олардың қазақ тіл білімінің салаларына қатысты маңызы сөз етіледі



бет4/37
Дата06.01.2022
өлшемі215,16 Kb.
#11869
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
МОӨЖ тапсырмалары

Қазақ тілінің қайнар көздері болған еңбектер, олардың қазақ тіл білімінің салаларына қатысты маңызы сөз етіледі. Қазақ тіл білімінің салаларын зерттеумен айналысқан орыс, қазақ ғалымдарының еңбектері бүгінгі күн тұрғысынан сараланады. Сол кезеңдегі қазақ тілін зерттеу туралы мәселенің саяси астары ашылады, мақсаты айқындалады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы түркі тілін зерттеудің «алтын ғасыры» деген атауға ие болып тарихта қалды. Орыс және Батыс Еуропа ғалымдары түркі тілдерін тарихи, ғылыми тұрғыдан зерттеуді осы кезеңде нақты қолға алды. Патшалық Ресей қоластындағы шығыс халықтарын орыстандыру арқылы өз үстемдігін жүргізбекші болып, оларды ортақ бір тілде сөйлету жолында миссионерлік саясатты жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып бақты. Осы әрекет орыс түркітанушылары арқылы жүзеге асырылды. Оларға үлкен міндеттер жүктелді, өз еңбектерінде түрік грамматикасын үндіеуропа, оның ішінде орыс грамматикасымен байланыстыра зерттеу басты нысанға алынды. Ал түркі тілдері тобының бір тармағына жататын қазақ тілі де бұдан тысқары қала алмады.

Қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуді алғашқы «баспалдақ» аталатын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау – тарих беттеріндегі қазақ тілі грамматикасының негізі қаланған кезеңге қазіргі күн тұрғысынан баға беру, өткен олқылықтарды түзетуге қадам жасау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет