Силабус бойынша барлығы 7 МОӨЖ берілген, барлығын орындадым
Оқытушы жетекшілігімен орындалатын магистранттардың өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
№1 МОӨЖ тақырыбы: Қазақ тілі грамматикасының тарихына шолу.
М.Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегінің маңызы
Махмуд Қашқари - XI ғасырда өмір сүрген лингивист – ғалым, зерттеуші. Автордың "Диуани лұғат ат-түрік" /Түркі тілдерінің сөздігі/ атты еңбегінің лингивистика ғылымына қосқан үлесі мен өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасаған ғалым ретінде танимыз. Сөздікте Махмуд Қашқари түркі тілідерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми жаңалықтар ашып, түркі тілдерінің грамматикасы мен лексикалық тіркестердің жасалу жолын жақсы таныта алды. Біз үшін бұл еңбектің ең бастысы - Махмуд Қашқари түсіндірме сөздікке ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар - түрлі өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер т.б. көркем сөз үлгілерін енгізген. Әдеби шығармалар мен халықтық фольклордан алынған үзінділерді Махмуд Қашқари осы сөздіктегі әрбір сөздің мән мағынасын оқырманына тереңірек түсіндіру үшін мысалдармен түсіндіріп отырады. Махмуд Қашқари алғашқы қауым адамдарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері орта ғасырдағы дидактикалық сарында жазылған жазба әдебиет үлгілерін біз ұлы ғалымның осы кітабынан табамыз. Махмуд Қашқари ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі - түркі тектес түрлі ру-тайпалардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы т.б. болды. Осындай ғылыми мақсатпен ол бір жағы Жетісу, екінші жағы Римге дейін ұлан ғайыр жерді мекен еткен көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиетінің тілі бойынша мол материал жинайды. Махмуд Қашқаридің ғылыми еңбегі "Түркі сөздерінің жинағы" 1074 жылы жазылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" -қазіргі түркі халықтардың асыл мұрасы болып табылады. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа еңген сөздер, мақалдар, өлен жолдары т.б. түркі тілдерінің сол кездегі сөз тудыру, сөйлем кұру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарының өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді. "Түркі тілдерінің сөздігі" - тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек, сондықтан бұл сөздік шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне тағы басқа қатысты дерегі бар аса бағалы еңбек. М.Қашқари еңбегінің зор ерекшелігі энциклопедиялық мән-мағынасыда және белгілі тілші ғалым А.Н. Кононовтың зергер сөзімен түйіндесек: «Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары туралы, тұрмыс жағдайлары туралы... этнонимдері мен тононимдері, ру-тайпалары туралы, туыстық және жекжаттық принциптері. түрлі қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам, сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы жануарлары және құстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, халықтық календарь, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, географаялық және терминология мен номенклатура, калалар туралы, аурулар мен дәрілердің аттары, анатомиялық терминология туралы, металдар және минералдар, әскери және әкімшілік терминологиясы туралы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандарының есімдері туралы, діни терминология, балалардың ойындары және тағы басқалары туралы көп жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады» -дейді. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" шығармасы лингивистика ғылымына қосылған асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық, тұрғыдан бай мұра болып табылады. Махмуд Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты белгілі бір дәрежеде «Көне түркі тілінің сөздігі» деуге болады. Себебі еңбекте сан ғасырлар бұрын өмірге келген халықтық мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің, т.б. ғажайып үлгілері бар. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігінде" лингивистика саласына қатысты қанатты сөздер, көркем тенеулер, сөз тіркестері енгізілген. Бұл жөнінде Махмуд Қашқари: "Мен бұл кітапты арнайы әліппе тәртібі бойынша парасатты ғибрат сөздер деп аталатын әдеби үзінділермен көркемдедім" деп жазады. Әдеби шығармалардан алынған үзінділердің тілі мен жазу стиліне қарап қай дәуірдің әдеби туындылары екенін шамалап айтуға болады. Жинақтағы бірқатар өлендер автор өмір сүрген орта ғасырда туындаған қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері екенін дәлелдей түседі. Бұл қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері оқырманын сөз сырының терең мән-мағынасын түсінуге үндейді. Үш кітапақа жинақталған сегіз бөлімнен тұратын "Түркі тілдерінің сөздігі" мазмұнына қарай қамтылған материялдарды акедемик А.Н. Кононов бес салаға бөліп қараған: 1. Белгілі бір тайпаға қатыстылығы көрсетілген сөздер қоры (лексикасы); 2. Түркі тайпаларының мекен-коныстары жайындағы мәліметтер; 3. Түркі тілдерін топтастыру; 4. Түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы ереже, қағидалар; 5. Түркілердің тарихы, географиясы. этнографиясы, поэзиясы мен фольклоры жайындағы мәліметтер; 6. Сөздікте түркілердің ең көне картасы жасалып, берілген. Махмуд Қашқари еңбегінің энциклопедиялық сөздік екені жайында тілші-ғалым А.Н.Кононов: «Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы, этнонимдері мен топонимдері, түрлі қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам-сусын аттары, астрономиялық терминдер, халықтық календарь, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері туралы, діни терминология, туралы көп жағдайда бірден-бір деректемелер болып табылады» - деп ой айтады. Сөздікте жеті мың бес жүздей сөз бар, олар сөздікте аттары аталатын түркілердің жиырмаға жуық тайпаларының тілдік қатынасында қолданылатын сөздер. Көп сөздердің мағынасы түсіңдіріледі, анықталады. М.Қашқари түбірі түркілік саналған сөздерді ғана пайдаланған, олардың мән-мағынасы араб тілінде кең тұрғыда түсіндірілген. М.Қашқари түркі тілдеріне алғаш рет классификация жасаушы ғалым. Ол - түркі тілдерін салыстыра зерттеудің көш басында тұрған түңғыш тілші ғалым. М.Қашқари таза тіл деп өзге тілдің ықпалынан аман тілді атайды. Соған сай ол түркі тілдерін таза, өзге тілмен араласпаған және шұбарланған деп екіге бөледі. Ал дыбыстық, морфологиялық белгілеріне қарай түркі тілдерін тағы да екі топқа жіктейді. 1. Шығыс тілдері: шігіл, тұхси, яғма, хакан-түрік; 2. Батыс тілдері: иемек, қыпшақ, оғыз, печенек, бұлғар, сувар. Сөздікте араб, ұйғыр алфавиттері туралы қысқаша мәлімет берілген. Күллі түркі тілдерінде қолданылатын әріптердің санын он сегіз деп, оларды сөздігінде келтіреді. Бұлардан бөлек және жеті әріп барын жазады. Жинақтағы сөздер әріп сандарына қарай жіктеліп берілген. Түркі тілдерінде жеті әріптен тұратын сөз жоқ екендігін ескертеді.