Зигмунд Фрейдтің психоаналитикалық концепциясы Чарлз Кулидің «Айналық МЕН»теориясы (1856-1935) (1865-1925) Тұлға үш компоненттен тұрады:
ИД (оно)- санасыз инстиктілер, ляззатқа бөліну.
Я (Эго) – еріксіз немесе қысыммен ортаға бейімделу.
Аса Я (Супер эго) – қоғамның моральдік тіреулермен бірлігі.
Басқа адамдар – бұл айна. Кулидің пікірінше, қоғамдағы бірінші
фактілер – адамдардың бір-бірі жөніндегі ойлары. Адамның өзі
туралы ойы – менің басқа адамдарға қалай көрінуіме беретін бағасы
деп есептеген. «МЕН» 4 элементтен тұрады:
Мен шын мәнінде қандаймын;
Өз-өзімді қалай көремін;
Оны басқалар қалай көреді;
Оның өмір салты басқалардың көзінде қалай көрінеді.
Джордж Герберт Мид (1863-1931) Басқаларға қаралудың (Обобщенного другого) концепциясы
Мидтің әлеуметтану теориясының пайда болу негізінде өткендегі болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы
жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды.
Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен»
(«я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен
сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді. 10.3 Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі
Мәртебе - лат. статус - істің жай-күйі, жағдайы азаматтың, заңи тұлғаның, мемлекеттік органнын халықаралық ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайтын құқықтары мен міңдеттерінің жиынтығы. Индивидумның немесе топтың бірқатар белгілер (экономикалық, кәсіптік, этникалык, т.б. белгілер) бойынша айқындалатын әлеуметтік ара қатынас жағдайы әлеуметтік мәртебе деп аталады