Сақтандыру қызметі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасумен және орындаумен байланысты қызметі; ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру өтемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуы себепті сақтанушыға төлейті ақшалай өтем.
Сақтандыру полисі – сақтандыру қоғамы сақтандырылған адамға немесе мекемеге беретін, сақтандыру туралы жасасылған шарттың талаптары баяндалған куәлік.
Сақтандыру пулы – белгілі бір түрдегі қауіп-қатерді бірлесіп сақтандыруға негізделген сақтандару компанияларының бірлестігі. Сақтандыру пулының әрбір мүшесі пулға сақтандырылған қауіп-қатер құжаттарын береді, пул жинаған сыйлық қорының (сақтандыру жарналырының) белгілі бір үлесін алады, нақ сол үлестегі жауакершілікті мойнына алады және залалды өтейді.
Сақатндыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарлық есеп айырысулар негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері.
Сақтандыру рыногы – сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бұл қызметтерді сақтандыру компаниялары көрсетеді.
Сақтандыру рыногының кәсіптік қатысушылары - өзінің қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; сақтандыру делдалы, актуарий және уәкілетті аудитор.
Сақтандыру сертификаты – сақтандырушы сақтанушыға бас полистің күші жүретін жекелеген жүктің сақтандырылғанын растау ретінде беретін құжат.
Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыратын жағдай туғанда сақтандырушы жауапкершілігінің шекті ауқымын білдіретін ақша қаражатының сомасы.
Сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру үшін төлейтін сақтандыру жарнасы, ақшалай сома.
Сақтандыру тәуекелдігі – ықтимал қауіп-қатер мен кездейсоқтық; олардың ықтимал басталуы себепті сақтандырушының сақтанушыға келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемені мойнына алуы.