Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар: диссертациялық
жұмыстың жазылуы барысында айқындалған нәтижелер бойынша төмендегідей
негізгі тұжырымдар ұсынылады:
- новелла қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар іргелі жанр;
- новелла тақырыбының, көтерілген мәселесінің әрқилылығымен құнды;
- новелланың көркемдік жүйесінде детальды шеберлікпен қолданудың
маңызы зор;
- шағын жанрдағы деталь қолданысы мен қызметін саралау – қазақ
новелласының бет-алыс бағдарын, көркемдік табысын айқындайды;
- новелладағы деталь оқиға динамикасына ажар кіргізеді,эстетикалық әсер,
эмоциялық бояуды күшейтеді,
- новелладағы деталь – әдеби кейіпкердің рухани болмысын терең ашуға
мүмкіндік беретін, кейіпкер психологиясын, әртүрлі мінез қырларын танытатын
көркемдік тәсіл;
- деталь новелла жанрында ақпараттық, символдық, эстетикалық,
философиялық қызмет атқарады.