Сатылханова гульмира алихановна


Суреттеу детальдардың өзі іштей



Pdf көрінісі
бет26/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Суреттеу детальдардың өзі іштей

 
Заттық деталь  

 
Пейзаждық деталь 

 
Портреттік деталь болып бөлінсе: 
Психологиялық деталь

 
Іс-қимыл деталі 

 
Тілдік деталь болып бөлінеді. 
Біз де осы жіктеуді  басшылыққа ала отырып, алдымен заттық деталь және 
оның  новеллада  атқаратын  көркемдік  қызметіне  тоқталуды  жөн  санадық. 
Заттық детальдардың қызметін анықтауда біз көркем прозадағы заттық әлемнің 
көркемдік  қызметін  жете  зерттеген  ғалым  Г.Пірәлиеваның  бірқатар  ғылыми 
пайымдауларына  ерекше  көңіл  бөліп,  жұмыс  барысында  негізгі  тірек  етіп 
алдық.  Ғалым  «заттық  әлем  –  кейіпкерді  қоршаған  психологиялық  ортаны, 
табиғатты,  интерьерді  дәл  және  нанымды  береді.  Заттық  әлем  –  ең  бастысы 
кейіпкердің  табиғатын,  талғамын,  тұрмыс-тіршілігін,  мінезін  суреттеуде 
көптеген көркемдік, психологиялық қызметтер атқарады» [22,27] деп анықтама 
береді.  Кейіпкерді  қоршаған  заттық  әлемнің  өзі  көп  жағдайда  детальдардан 
тұратынын ескерсек, бұл айтылған пікірдің жаны бар екені ақиқат.  
«Қазіргі әдебиетте заттар қаһарманның характерін танытудың аса маңызды 
поэтикалық  құралына  айналды.  Фольклорлық  шығармаларда,  ауыз  әдебиеті 


49 
 
үлгілерінде  заттық  детальдар  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  ортаға,  топқа  немесе 
мамандыққа  қатысын,  әл-ауқатын,  қоғамдағы  орнын  ғана  білдіретін.  Мысалы, 
батырлардың  қару-жарағы  –  қол  шоқпары,  өткір  семсері,  садақ-жебесі, 
қалқаны, дулығасы т.б., байдың сыртқы тұрқы  – құндыз бөркі, жібек шапаны, 
саптама етігі, т.б., сұлудың сән-салтанаты – күміс шолпысы, қамзолы, бүрмелі 
көйлегі  т.б.  Бұл  заттар  кейіпкердің  характерін  ашуға  емес,  оның  кескін-
кейіптемесін,  сырт  келбетін,  портреттік  сипаттамасын  суреттеуге  ғана 
жұмсалды.  Уақыт  өте  келе  заттық  деталь  психологиялық  детальға  айналып, 
адамның  жеке  мінез  ерекшелігін,  ішкі  әлеміндегі  сезімдік  иірімдерді,  көңіл-
күйлерді  бейнелейтін  болды»  [96,115]  деп  ғалым  Қ.Жанұзақова  заттық 
детальдың тағы бірнеше қыры мен қызметін көрсетіп береді. 
Біз  талдайтын  новеллалардағы  образдар  –  әртүрлі  әлеуметтік  деңгейдегі 
жандар.  Суреткерлер  олардың  айтқан  сөз,  ойлаған  ой,  жүріс-тұрыс,  қоршаған 
заттық әлемін сәйкес алуға аса сақтықпен қарайды, оған елеулі көркемдік мән 
береді.  Б.Кабдуловтың  «деталь  –  бұл  сирек  кездесетін  сый,  үлкен  шеберлік. 
Шынайы  шебер,  сөз  зергерлері  ғана  бұл  қасиетке  ие  бола  алады»  [3,7]  деген 
пікірін  ескерсек,  кез  келген  новеллистің  туындысынан  деталь  іздеу  әурешілік 
екені  түсінікті.  Қазақ  әдебиетінде  заттық  детальдарды  пайдаланудың  ерен 
үлгісін көрсеткен, жасай алған бірден-бір жазушы – Бейімбет Майлин. 
Орыс әдебиетінде деталь табиғатын түсініп білудің ең оңай, ең тиімді жолы 
Чехов  туындыларын  оқу  деген  түсінік  қалыптасқан.  Сол  сияқты  қазақ 
әдебиетіндегі  деталь  табиғаты  мен  қызметін  білу  үшін  Б.Майлин 
шығармаларын  оқу  керек  деп  ойлаймыз.  Әсіресе,  заттық,  тұрмыстық, 
портреттік детальдарды беруде жазушы шеберлігі ерекше, ешкімге ұқсамайтын
ешкімді  қайталамайтын  өзіндік  қолтаңбасы  бар.  Б.Майлин  заманында  деталь, 
оның  көркемдік  қызметі  деген  мәселенің  басын  ашып,  айырып  алу  күн 
тәртібінде  тұрмағандығы,  яғни  автор  оны  саналы  түрде  әдейілеп  жасап, 
дайындап,  қолданбағаны  белгілі.  Сондықтан  Майлин  детальдары  –  шынайы 
талант тудырған табиғи детальдар қатарынан саналады. 
Б.Майлин новеллаларындағы деталь қолданысын сөз еткенде Конфуцийдің 
«Ретсіз  жерде  сөйлесең  –  сөзің  жоғалады.  Ретті  жерде  сөйлемесең  –  өзің 
жоғаласың.  Хас  сөз  зергері  өзін  де,  сөзін  де  жоғалтпайды»  деген  сөздері  ойға 
оралады. Әрбір сөзі қаққан қазықтай өз орнында келетін жазушы новеллаларын 
оқығанда,  бірде-бір  деталін  орнын  өзгертіп,  не  алып,  не  қосуға  болмайтыны 
білінеді.  Автор  қолданысындағы  заттық  детальдар  бір-бірімен  жымдаса 
өрілген. Хас сөз зергері Б.Майлиннің сөзін де, сөздің мәнін де жоғалтпағанына 
куә  боламыз.  Сөйлемдері  мірдің  оғындай  шымыр,  келтірген  детальдары  дәл, 
орын-орнында. Қаламгер детальдарды кейіпкерлердің характерін кеңінен ашып 
көрсету,  жалпы  қазақ  халқының  кедей  тұрмысының  панорамасын  беру  үшін 
қолданғанын  байқадық.  Автор  қолданған  детальдар  арқылы  суреткердің 
көркемдік  әлеміне  дендей  еніп,  кейіпкердің  рухани  әлеміне  үңіліп,  жан 
дүниесіндегі  құбылыстарға  психологиялық  талдау  жасауға  болады.  Автор 
новеллаларында  заттық  деталь  мол  кездеседі.  Жиі  пайдаланған  тұрмыстық 
заттары:  киген  киімі,  пайдаланатын  тұрмыстық  бұйымдары,  тұрып  жатқан 


50 
 
баспанасы т.б. Мысалы «Күлпаш» новелласында кейіпкердің үстіндегі жұпыны 
киімі,  басындағы  баспанасынан  кедейліктің  лебі  есіп  тұрады.  «Үстінде  өрім-
өрім  болған  соң  әр  жерінен  бір  түйіп  қойған  ескі  көйлек,  оның  сыртында 
тозығы  жетіп  тулаққа  айналған  қысқа  ескі  тон,  басында  селдіреген  көне 
бөкебайдың  жұрнағы.  Бет-аузы  көнектей  ісік;  тоңып  бүрісіп,  үйдің 
бұрышындағы  пешке  арқасын  сүйеп  мұңайып,  терең  ойға  шомған  адамша 
Күлпаш отыр. Жыртық күпіге оранып, бүк түсіп баласы Қали жатыр. Үй суық, 
жамаулы  терезенің жыртығынан кірген  ызғырық  шекеден шыққандай»  [97,79] 
деген  жолдардан  Күлпаш  пен  оның  отбасы  жағдайының  адам  төзгісіз  ауыр 
жағдайы анық байқалады. Бұл детальдар шарасыз, қолынан келер дәрмені жоқ, 
кедей  Күлпаштың  не  себепті  Жұмағазы  шалға  тоқал  болуға  келісім  бергенін 
түсінікті етеді.  
Б.Майлиннің  «Желдібай  Жындыбаев»,  «Баянсыз  бақ»,  «Әбділдә  төре» 
новеллаларының  сарыны,  мотиві  ұқсас.  Аталған  новеллалардың  негізгі 
кейіпкерлері  бүгінде  басынан  бақ  тайған  кешегі  атқамінерлер:  төре,  судья, 
өкілсымақтар.  Үшеуі  де  момын  елге  жасаған  қиянаты,  салған  ылаңы  үшін 
жауапқа  тартылып,  мүсәпір  күйге  түседі.  «Баянсыз  бақтағы»  Нұрлыбай  – 
орнынан  алынған  судья,  оның  дәурені өткенін  автор  заттық  деталь  –  «шебер» 
жігітке  жасатқан  сырлы  жазу  үстелін  суреттеу  арқылы  білдіреді: 
«Нұрлыбайдың  өзгеден  бір  артықшылығы  –  осы  жазу  үстелін  жөндегендігі. 
Жөндегенде – нағыз оңдысы, сырлап тастаған тартпалы үстел. Нұрлыбай сырлы 
үстелді  ұстай  да  біледі.  Үстелдің  үсті  тап-таза  болады.  Бір  жақ  бұрышында  – 
кесілмеген, ұсталмаған бірер кітап пен жазу аспабы тұрады. Оған таяу шылым 
сауыт,  күл  салғыш  болады.  Екінші  жақ  бұрышында  –  арам  өлген  сиырдай 
болып  теңірейіп  портфелі  жатады.  Үстел  тұрған  үй  қабырғасында 
кіреукеленген  кішірек  айна  болады.  Айнаның  бір  жағында  –  бетіне  әжім 
кіргенінен қарамай, қызша киініп, бір қолымен жағын сүйеп түскен бір әйелдің 
суреті  тұрады;  екінші  жағында  –  бір  қырын  отырып  түскен  қолағаш  мұрын, 
аққұба  жігіттің  суретін  көресің.  Бұл енді  Нұрлыбайдың жастау  кезінде  түскен 
суреті  болады»  [97,220-221]  –  кәдімгі  қала  тұрмысына  бейімделген,  тұрмысы 
жөнделген қызметкер болғаны байқалып тұр. Осы келтірілген заттық детальдар 
бір  кезде  екі  көзі  мөлдір  қара,  беті  шиқандай  қызыл,  үріп  ауызға  салғандай 
баланың бүгінде екі жағы суалып, қатпарланып, көз алды бұқаның мойнынша 
қыржиған  «мырзаның»  «талай  таптық  маңызы»  бар  мәселелерді  шешкенінен 
хабар  береді.  Зерттеуші  Г.Пірәлиеваның  пайымдауынша,  «мұндағы  әрбір 
тұрмыстық  заттың  әрқайсысының  егжей-тегжейлі  баяндалуы  кейіпкердің  сол 
кездегі көңілсіз күйінен сыр береді. Мұндай жинақы, ұқыпты ұсталған үстелдің 
үстінде отырып, жұмыс істеудің өзі бір ғанибет, көңіліңді көтеретіндей. Алайда 
олай  болмай  шықты.  Әңгіме  кейіпкері  «Нұрлыбай  судья  еді,  бүгін  орнынан 
алынды». Кейіпкер толғанысын тудырған – жалтыраған әлгі үстел [22,284]. Осы 
үстел  үстінде  отырып,  кешегісіне  ой  жіберген,  осы  үстел  үстінде  отырып 
бақытты,  яғни  судья  болған  шағын,  бүкіл  өткен  өмірін  еске  алған.  Енді 
жоғарыға арыз жазып, өзін ақтайын десе, жазуға шама жоқ, осы үстелмен бірге 
басындағы бағы да көзден бұл-бұл ұшып жоғалар түрі бар. Үстел – кейіпкердің 


51 
 
екі дәуір (судья кезі мен одан түскен кезі) аралығындағы қарама-қайшылықтағы 
сезімін, оның көңіл-күйін, психологиялық жағдайын еске түсіретін зат [22,284]. 
Кейіпкер бейнесін сомдауға сүбелі үлес қосқан бұл үстел – шығарма сюжетінің 
дамуына да өзіндік әсерін тигізбей қалған жоқ. Әңгімедегі әрбір зат, тұрмыстық 
деталь оқиғаға деген автордың көзқарасын білдіріп отыр» [22,284]. Оның үстіне 
бұл үстел – заттық деталь арқылы автор кейіпкердің әлеуметтік тұрмысын тап 
басып, қай тапқа жататынын көрсетеді. Демек, бұл заттық деталь  кейіпкердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет