Сатылханова гульмира алихановна


Новелладағы пейзаждық детальдың қызметі, эстетикалық сипаты



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
 
2.3 Новелладағы пейзаждық детальдың қызметі, эстетикалық сипаты 
Табиғаттың  адамзат  баласы  өміріндегі  мәні  қандай  терең  болса,  көркем 
шығармада да пейзаждың кейіпкер бейнесін ашып көрсету, ішкі психологиясын 
таныту  үшін  қажетті  көркемдік  тәсіл  екендігіне  кеңірек  тоқталсақ.  Әдебиет 
теоретигі  Қ.Жұмалиев:  «Пейзаж  автордың  негізгі  мақсатына  байланысты 
болады.  Кейде  пейзаж  оқиғаға  қатысушы  кейіпкерлердің  басында  болған 


97 
 
жағдайын  көрсету  үшін  де  қолданылады»  [138,81]  деп  көркем  шығармадағы 
қолданылу мақсатын көрсетеді.  
«Көркем  әдебиеттегі  табиғат  пен  адамның  байланысы  –  ең  негізгі 
философиялық,  эстетикалық  мәселелердің  бірі.  Өйткені  адам  тіршілігінің 
барлық  мезеті  алып  табиғат  аясындағы  уақыт  пен  кеңістікке  тән  сан  алуан 
астрофизикалық,  геоморфологиялық  құбылыстармен  қабаттас  дәурен  кешеді. 
Ол  ұзаққа  созылуы  немесе  жылдам  аяқталуы  мүмкін.  Бұл  күрделі  ахуалды 
субьект  сана  мен  жан-сезім  рефлексиялары  арқылы  қабылдайтын  шақтары 
мол»  [139,105]  деген  ғалым  Б.Майтанов  пікірі  негізсіз  емес.  Расында  адамзат 
тіршілігінің  жыл  он  екі  ай  табиғат  аясында  өтетіні  өмірдің  өзіндей  аян.  Ал 
табиғат  құбылысының,  аспан  әлемінің  адам  баласының  мінез-құлқы, 
психологиясына,  қала  берді  өміріне  тікелей  әсер  ететіні  ықылым  замандардан 
бері  келе  жатқан  мифтерден-ақ  айтылып,  жазылып,  талданып  келеді.  Олай 
болса, 
әдебиеттегі 
табиғи 
құбылыстардың 
адамның 
көңіл-күйімен 
сабақтастықта  берілуінің  өзі  заңды.  Қазақ  прозасында  табиғат  көріністерін 
берудің  алуан  түрлі  үлгісі  жасалған.  «Майлин  пейзажындағы  реалистік, 
Әуезовтегі  философиялық,  Мүсіреповтегі  әсірелеу  сарындары  бұл  үш 
суреткердің  қай  шығармаларынан  да  табыла  береді,  табиғат  көрінісін 
суреттеуде қолданылатын принциптеріне, творчестволық мінерлерін танытады. 
Сөйтіп 
Майлин, 
Әуезов, 
Мүсірепов 
т.б. 
көрнекті 
суреткерлердің 
шығармаларындағы  жеке  пейзаждар  бір-біріне  ұқсамайды,  ал  әрқайсысының 
қаламынан  туған  барлық  шығармаларындағы  пейзаж  суреттеу  принциптері 
негізінде ұқсас, танымал болып отырады, жазушының өзіне тән ерекше мәнерін 
танытады» [139] деп Б.Наурызбаев аталған үш жазушы стилінің бір көркемдік 
компонентке  қатысты  бет  бедерін  олардың  жалпы  қалам  сілтесіне  хас 
сипаттардан оқшау алмай, басым көріністерін ғана жіктеп ажыратқан.  
Пейзаждың көркем әдебиеттегі қызметін зерттеуші Қ.Жанұзақова: 
-  Оқиға болатын ортаны және уақытты, мезгілді сипаттайды; 
-  Кейіпкерлердің 
ішкі  жан  дүниесін  ақтаруға  септесіп,  ерекше 
психологиялық фон қалыптастырады;  
-  Автордың  қатысын  білдіреді,  әсіресе  табиғат  туралы  лирикалық 
толғаныстарда, авторлық монологтарда айқын көрінеді; 
-  Шығармада  композициялық  негізгі  қазық,  оқиғаға  фон  қызметін 
атқарады,  әсіресе  стильдік  тұрғыда  табиғат  –  негізгі  компонент  қызметін 
атқаратын шығармаларда айқын [96,116] деп жіктеп көрсетеді. 
Пейзаждық  детальға  анықтама  беруде  зерттеушілер  біріне-бірі  қарама-
қайшы  екі  позицияны  ұстанады.  Бірі  пейзажды  табиғатты  суреттеу  деп 
түсіндірсе,  екіншісі  бұл  ұғымды  кең  тұрғыда  алады.  Ол  әсіресе  өнер 
зерттеушілерінің  еңбектерінен  көрінеді.  А.Федоров-Давыдов  «Пейзаж  адамды 
қоршаған  орта,  болмыс»  десе,  А.Н.Бенуа  пейзаж  ұғымына  барлық  «әлем, 
адамның  ақыл-ойын,  жан-жүрегін  жаулаған  дүниені»  жатқызады.  Олай  болса, 
пейзаж  бен  интерьерді  бөліп  қарастыра  алмаймыз.  Л.М.Щемелева  өз 
зерттеуінде:  «пейзаж  –  (француздың  –  paysage,  pays  –  ел,  мекен)  –  көркем 
туындының  маңызды  және  композициялық  компоненттерінің  бірі:  табиғатты 


98 
 
суреттеу, кеңірек алғанда, сыртқы әлемнің кез келген ашық кеңістігін суреттеу 
деп түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет