Сатып алу логистикасының мақсаттары мен міндеттері, дәстүрлі
жабдықтаудан принципті айырмашылығы. Логистикадағы
материалдық ағындарды басқарудың итеруші және тартушы
жүйелері
Сатып алушылық логистика – бұл материалдық ағымдарды кәсіпорынды
материалдық ресурстармен қамтамасыз ету процесінде басқару. Онымен арнайы
қызмет – жабдықтау қызметі айналысады. Бұл қызметтің іс-әрекеті үш деңгейде
қарастырылуы мүмкін, себебі жабдықтау қызметі бір мезгілде:
- кәсіпорын кіретін микрологистикалық жүйенің мақсаттарының орындалуын
қамтамасыз ететін элемент;
- Микрологистикалық жүйе элементі, яғни кәсіпорын мақсаттарының
орындалуын қамтамасыз ететін осы кәсіпорынның бөлімшелерінің бірі;
- элементтері, құрылымы, дербес мақсаттары бар дербесжүйе болып табылады.
Аталған деңгейлердің әр қайсысында жабдықтау қызметінің мақсаттарын
қарастырайық:
1. Макрологистикалық жүйенің элементі ретінде жабдықтау қызметі тауарды
жеткізіп берумен байланысты техника-технологиялық, экономикалық және
әдістемелік мәселелерді келістіріп, жеткізіп берушілермен шаруашылық
байланыстарды бекітеді. Логистиканың негізгі идеясы –барлық қатысушылардың
келісімді әрекеттерінен қосымша пайда алу. Осы ой жабдықтау қызметі өз
кәсіпорынның мақсаттарына оны жекелеген объект ретінде емес, бүкіл
логистикалық макрожүйенің звеносы ретінде қарастыра отырып жетуін талап
етеді. Бұл жабдықтау қызметі өз кәсіпорынына жұмыс істей отырып, бүкіл
макрологистикалық жүйенің әрекет етуінің тиімділігін арттыру мақсатына жетуді
ойлауды білдіреді.
2
. жабдықтау қызметі оны ұйымдастырған кәсіпорынның элементі
болғандықтан микрологистикалық жүйеге үйлесімді болуы тиіс. Жабдықтау
қызметі және өндіріс пен өткізу қызметтерінің арасында материалдық
ағымдарды басқару жөніндегі әрекеттердің үйлесушілігінің жоғары деңгейін
қамтамасыз ету жалпы кәсіпорынның логикалық жүйесінің міндеті болып
табылады. «Жабдықтау - өндіріс - өткізу» тізбегі маркетингтің қазіргі
концепциясының негізінде құрылуы керек.
3. жабдықтау қызметінің әрекет етуінің тиімділігі, аталған мақсаттарды
кәсіпорын деңгейінде де, макрологистика деңгейінде де жабдықтау
қызметінің өзінің жүйелік ұйымдастырылуына байланысты болады.
Кәсіпорынды еңбек заттарымен қамтамасыз ету үшін келесі
міндеттерді шешу керек: не, қанша, кімнен, қандай шартпен сатып
алу қажет?
Сонымен қатар, келесі жұмыстарды орындау қажет:
· келісім-шарт жасау;
· келісім-шарттың орындалуын бақылау;
· жеткізіп беруді ұйымдастыру;
· қоймаларды ұйымдастыру.
«Нені сатып алу» міндетіекі альтернативтік шешімнің біреуін қабылдауды қамтиды
– комплекттеуші бұйымды өзіне өндіргені дұрыс па, әлде басқа өндірушілерден
сатып алған дұрыс па? («жасау немесе сатып алу» міндеті). Мұнда экономикада
логистиканың дамуының деңгейі маңызды сыртқы фактор болып табылады.
Комплекттеуші бұйымдардың дербес өндірісі кәсіпорынның нарықтық конъюктура
өзгерістеріне тәуелділігін төмендетеді, яғни кәсіпорын нарықта қалыптасқан
жағдайға байланыссыз тұрақты жұмыс істей алады. Бірақ комплекттеуші
бұйымдардың жоғары сапасы мен төмен өзіндік құнын оларды өндіруге
маманданған өндіруші қамтамасыз ете алады. Қоғамда логистиканың дамуының
деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорын комплекттеуші бұйымдардың
өз өндірісінен жеңіл бас тартып, бұл міндетті мамандандырылған өндірушіге
тапсырады.
Сыртқы ортадағы жағдайға байланыссыз кәсіпорынның өзінде өз өндірісінен
бас тартуды ұйғаратын факторлар әрекет етуі мүмкін.
Комплекттеуші бұйымдарды сатып алуды дұрыс көріп, яғни өз өндірісінен бас
тарту жөніндегі шешімді келесі жағдайда қабылдау керек:
· егер комплекттеуші бұйым қажеттілігі шамалы ғана болса;
· комплекттеуші бұйымдарды өндіру үшін қажетті қуаттар жоқ болса;
· қажетті мамандық кадрлары жоқ болса.
Керісінше шешімді мына жағдайда қабылдайды:
· егер комплекттеуші бұйымдар қажеттілігі тұрақты және үлкен болса;
· егер оларды бар құрал-жабдықта өндіруге болса.
Достарыңызбен бөлісу: |