Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы. (10-сынып) Міндеті



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі23,47 Kb.
#126907
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы. (10-сынып)
Міндеті: білім алушыларға мемлекеттік тілді дұрыс қолдану мен оны құрметтеуді ұғындыру.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: білім алушыларға мемлекеттік тілдің мәні мен маңызын және мемлекеттік тілде таза сөйлеуді меңгерту;
ә) тәрбиелік: ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, халқына, тіліне деген сүйіспеншілікке баулу және шығармашылыққа бейімдеу;
б) дамытушылық: шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы ақыл-ой, таным белсенділіктерін таныту.
Сабақтың түйінді ойы:мемлекеттік тілдің мәні мен маңызы, тіл тазалығын сақтау, шұбарлап сөйлеуге жол бермеуді жас жеткіншектерге жеткізе білу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі-практикалық
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары (оқыту, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, пікір айту, талдау, шығармашылық жұмыс)
Стратегиялар: диалогтық оқыту, топпен жұмыс, тренинг"Сәттілік", кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек".
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: құқық, тарих, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың психологиялық ахуалын тудыру,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Шеңбер құру арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.Сыныпты 2 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: "Ыстық орындық" стратегиясы арқылы үй тапсырмасы сұралады.

  1. 1. Тіл мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
    ІІІ. Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты ашу. Тіл тазалыгы дегенді қалай түсінесіңдер, оның әдеби тілмен қандай байланысы бар?

  2. Қазақ тілінің әлемдегі бай тіл екендігіне ешбір шүбә келтіруге болмайды, солай бола тұрса да ұлттық тіліміздің әлі күнге дейін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріле алмай келе жатқанын қандай мысалдармен түсіндірер едіңдер?

Тіл мәселесінің ішкі саясатқа қатысы бар ма? (Мемлекеттік тіл әлі күнге дейін қағаз жүзінде) 3.Тіл мәртебесін көтеріп, тіл тазалығын сақтау үшін қандай жагдайлар керек? Оны неден бастауға болады, өмірден ңақты мысалдар келтіріп, дәлелдеп көріңдер.
(балалардың жауабы тыңдалады). Әр топ өз білетіндеріні қағазға түсіреді.
«Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – Мемлекеттік тіл – қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» (Н.Назарбаев)
Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау! Бұл тілден май тамады десе сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа, шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады... (Нұртас Оңдасынов.)
Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – тіл тазалығы.
Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер (остановкаға барамын, субботада келді, звонит ет, т.б.) мүлде басқа.
Кейбір ұғымдар көшірме (калька) тәсілімен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі земледелие сөзі, зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған көшірме (қазақша егіншілік), ал принять меры француз сөзінің көшірмесі (қазақша шара қолдану), т.б. Тілімізде көшірме сөздің небір түрлері бар: қанатты сөз (крылатые слова), қарулы күштер (вооруженные силы), жартылай қорғаушы (полузащитник), т.б.
Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда аналық қой (дұрысы – саулық, саулық қой), елу бас қой (елу қой), мал өсірушілер (дұрысы — малшылар) тәрізді көзсіз көшірмелер тіл шұбарлау екендігі орынды көрсетіліп, дұрыс сыналып та жүр.
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болса да өз ортамыздан әлі күнге дейін тұрпайы сөйлейтін жастарды кездестіріп қаламыз. Тіліміздің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық нормалары мен заңдылықтарын ескермейді, қазақ тілінен алған теориялық білімдерін пайдалана алмайды, сөйлегенде тыңдаушы өзінің ойын ұғып, сезіп тұрма, жоқ па, онымен санаспайды. Басқа тілдің сөзін араластырып, өз тілінің құтын қашырып сөйлеу мәдениетсіздік екенін аңғармайды. Белгілі жазушы Т.Ахтанов өз шығармаларында кейбіреулердің әңгімелесу кезінде бөгде сөздерді нормадан тыс араластырып сөйлейтін ерсіліктерін өткір сынаған.
Жазушы Д.Исабековтың да «Әпке» драмасынан қазіргі жастардың ана тілімізге немқұрайлы қарайтын кемістерін сынаған мынадай жолдарын кездестіреміз. Мысалы: Нәзила: «Білмеймін. Мен дұрыс жасамаған да шығарамын. Бірақ, әлгі қыздың тым еркінсіп, ар-ұятты естен шығарып бара жатқаны жаныма тиді», «Я так хочу» деп, Тимурды құшақтап апты. «Котенок мой» деп, бұл да өліп бара жатыр...» (Жастардың өз сүйгендеріне айтатын «жұлдызым, айым, күнім» деген теңеулері бола тұрса да) сонымен қатар, кейбір сөздерге тиісті қосымшалардың нормаға айналған түрлерін жалғамай , басқа түрлерін орынсыз жалғау да тіл тазалығына кесірін тигізеді. Мысалы:

  1. Жазда бұл жерде ыссы болады (ыссы есем - ыстық).

  2. Шешесі ауызғы бөлмеге шықты да, төсектегі жатқан жиенінің жанына келді. (ауызғы емес – ауыз бөлмеге, төсектегі емес – төсекте).

  3. Рабиға баласының бетін сүйді (бетін емес - бетінен).

  4. Абай жасында молдаға оқыды (молдаға емес - молдадан).

Сонымен қатар, сөздерді дұрыс байланыстырмай, орынсыз тіркес құрау, сөйтіп, сөйлем құрылысы мен мағынасын бұзатын кемшіліктерге көркем әдебиеттегі, газет-журналдағы әңгімелерден көптеген мысалдар келтіруге болады.
Кейінгі жылдарда тіл шұбарлайтын тіркестің мынадай түрлері ұшырай бастады: «Ол түнгі тосқауыл рейдіне қатысушылардың қоғам мүлкіне қол сұғушыларды қалай су бетіне шығаратынын соңғы екі-үш жыл ішінде көп естіп те, оқып та жүрді»; «Бүкіл адамзатқа келген қару ешқашан бір елдің ішкі ісі болмақ емес. Ондайды «ішкі іс» деп сылап-сипаушылар американ саясатының диірменіне жел береді», «Қаламқас поселкесінің аумағы ат шаптырым. Көшпелі вагондар, егіз тамшыдай ұқсас үйлер», «мәселені қабырғасынан қою», т.б. осы мысалдардағы су бетіне шығару, диірменіне жел беру, егіз тамшыдай тәрізді тіркестер, сырты қазақша болғанмен, мазмұны қазақша емес. Оқырман автордың айтпақ ойын зорға түсінеді.
Топтармен жұмыс. 1-топтың тапсырмасы. Төмендегі сөйлемдерді өз стильдеріңмен түзетіп көріңдер!
Үлгі: Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың (біріккен шаруашылық) бірер сақпан қойын уақытша жайылуға колхозшылар рұқсат етіп, совхозға берген болатын.
а) Бұны, өздеріне жәрдем етіп отырған совхоздың бірер сақпан қойы уақытша жайылуға рұқсат етіп берген болатын.
б) Кейде нақ төбелерінен нажағай жарқ беріп, шарт еткенде дүрк беріп жарылып та кетеді.
в) Сол сәтте және де Дәрменнің түсінен бұның көзі өзгеше жайды аңғарып, сескеніп қалды.
г) Бұрын қалаға келіп үзақ жатқан шағында көбінесе өзінің нақты орнықты пәтерінде уақыт өткізетін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет