«Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері


-тақырып. Жазуға үйрету әдістемесі



бет10/23
Дата05.12.2023
өлшемі209,54 Kb.
#134490
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
«Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері,-emirsaba.org

4-тақырып. Жазуға үйрету әдістемесі
Негізгі мәселелер:
  1. Жазуға үйрету әдіс-тәсілдері.


2. Жазуға қойылатын талаптар. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу дәптерлеріне» сипаттама.


3. Оқушылардың каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдысын қалыптастыру. Көркем жазуға үйрету.


Жазуға үйрету әдіс-тәсілдері.
Жазуға үйрету барысында кішкентай оқушылардың жас ерекшелігімен тікеоей санасудың үлкен мәні бар. Мұғалім жазу процесінің кішкентай оқушы үшін аса қиын да күрделі жұмыс екенін естен шығармауға тиіс. 1-сынып оқушылары алфавиттің екі түрін: баспа әріптер мен жазба әріптер алфавитін – сондай-ақ онлағы бас әріптер мен кіші әріптерді үйренеді. Баспа әріптер мен жазба әріптерді үйрену бір мезгілде (синхрондық әдіспен) өтіледі. Сондықтан оқушылардың жас ерекшелігімен тікелей санасудың үлкен мәні бар.
Жазуға үйрету жүйесі оқушылардың жас ерекшелігіне, даярлығына, сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай әр түрлі әдістерді қамтиды. Бұл әдістердің негізгілері: генетикалық әдіс, бастыра жазу әдісі, сызық ішіне жазу әдісі, ритмикалық (тактылы) әдіс.
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға көшеді. Жазуға үйрету бұрыннан таныс элементтерге жаңа элементтерді қосу негізінде ұйымдастырылады. Әріптер топ-тобымен жазылады.
Басып жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді, ал оқушылар оның үстінен басып жазады. Сол арқылы балалар әріптердің бейнесін дұрыс жазуға жаттығады, әбден үйренген соң, өз бетінше жазып кететін болады. Бұл әдістің үлгілерін бастауыш сыныптарға арналған «Жазу үлгілерінен» де көруге болады. Басып жазу әдісі әсіерсе теріс қалыптасқан жазуды жөндеуге көмек етеді. Сондай-ақ бұл әдіс бойынша мұғалім дәптерге әріптердің жазылу үлгілерін , олардың сөз ішінде өзара қосылу жолдарын көрсетіп, оқушылардан үлгі бойынша жазуды талап етіп отырады.
Жазу кезінде әріп элементтерін таңбалауға сай байсалды ритм, біртектес қайталанатын қозғалыстар жасалынады. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) қозғалысты бірқалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқынын жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс қазақ бастауыш мектептерінің тәжірибесіне еркін ендірілмеген сияқты. Сондықтан оның қолданылу жолдарын көпшілік болып ойластыруды керек етеді [ТКҚТОМ,108].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет