Интонация. Фразалық екпін Интонация (лат. intono) –сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөзді, сөз тіркесін сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі.
мелодия ритм темп қарқындылық тембр Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп алуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні Мелодия (гр.melodia – ән, әуен)- белгілі бір көркем ойды бейнелейтін, ырғағы мен интонациялық жағынан жүйеге келтірілген дыбыстар тізбегі. Ритм – ырғақ немесе ритм (гр. rhythms - үйлесімділік) – музыкалық дыбыстардың заңдылық өлшемде алмасуы. Темп – сөйлеу бірліктерінің айтылу жылдамдығы Қарқындылық – (лат.intensio - қарқын) дыбысты, әсіресе дауысты дыбысты айтуда өкпеден шығатын фонациялық ауаның күшеюі мен солғындау дәрежесі Тембр – (фр.timbre- кішкене қоңырау) дыбыстың сапасы, оның бояуы, характері. Тембр арқылы дауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді білдіруге болады.
Логикалық және тіркес екпіні – ауыз-екі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді. Фразалық екпін Фразалық екпін – фразаның аяқталғанын білдіретін және оның коммуникативтік типін айқындайтын интонациялық просодикалық бірлік. Кейде осы мағынада «интонациялық орталық» термині қолданылады.
Фразалық екпінді бастапқыда логикалық екпін деп атаған. Бірақ фразалық екпін туралы мұндай түсінік бейтарап және әдейі басыңқы әсермен айтылған ой-тіркестерді бір-бірінен ажырату мүмкіндігін бере алмайды. Мысалы: «Менің сырт киімімді әперіп жіберіңізші» және «Менің сырт киімімді әперіп жіберіңізші».
Назарларыңызға рахмет!!! Орындағандар: Мендекенова Айгерім және Сәрсенбекова Әсел ШТҚ 311