3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет: 1) мәтін түрлері мен ерекшеліктерін;
2) сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, олардың арасындағы байланысты;
3) жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
4) қаратпа сөзді;
5) дыбыс және әріп, олардың емлесін;
6) сөз және оның мағынасын;
7) түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын;
8) туынды сөз жасайтын жұрнақтарды;
9) түбір мен қосымшаның жазылуын.
Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
1) жоспар бойынша әңгімелеуді;
2) үлгі бойынша сызба құрастыруды;
3) сөздерді сауатты және каллиграфиялық талапқа сай жазуды;
4) сөз құрамына талдауды;
5) мәтінге ат қоюды және ондағы негізгі ойды табуды;
6) мәтінге жоспар құруды;
7) жалаң және жайылма сөйлем құрастыруды;
8) сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табуды;
9) түрлі жанрда шығарма құрауды (әңгіме, хат, хабарландыру);
10) өткен тақырыпты қайталау үшін 55-60 сөзден (диктант) тұратын мәтінді көшіріп және есту арқылы жазуды;
11) сұрақтар, грамматикалық тапсырмалар, ұжыммен құрастырған жоспар бойынша (60-70 сөз) мазмұндама жазуды;
12) сипаттау, сюжеттік сурет бойынша баяндау, өзінің бақылауы арқылы шығарманы жазуды; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауды.
Үлес ұғымын қалыптастыру әдістемесі Бастауыш сыныпта үлес, бөлшек, оларды жазу, салыстыру, санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, санның бөлшегін табу сияқты мәселелер қарастырылады. Балаларды үлестермен таныстыру практикалық іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек туралы алғашқы түсінік алғашқы түсінік нақты заттар геометриялық фигуралар, шамаларға практикалық амалдар қолдану арқылы беріледі. Үлесті алғашқы рет көбейту мен бөлуді оқытумен байланысты 3-сыныпта оқытады. Үлесті оқытып шаманы оқытумен тығыз байланысты, сондықтан оқушылар математиканың өмірмен байланысын аңғарады. Оны бүтінді бөліктерге бөлу проблемалық жағдай туғызудан бастауға болады: «Алманы ағасымен қарындасына тең бөліп бер» және т.б. бүтін санды бірнеше тең бөліктерге бөлуді және үлестің көлемі әр түрлі болатындығын түрлі фигураларды (геометриялық) қолданып көрсеткен тиімді. Масылы: «дөңгелекті, шаршыны, тіктөртбұрышты, жолақты, кесіндіні тең екі бөлікке бөл». «Әрқашан тең» бөлікке бөлінетінімізді баса айтқан жөн. Бөлудің әр түрлі тәсілдері көрсетіледі, бүгуді қолдануға болады. Шаманың үлесі сөзбен айтылады, қарапайым үлес түріне жазылмайды, бірақ 4-сыныпта бастауыш мектеп матиматикасының курсын жалпылау барысында мүмкін деңгейде үлестің жазылуы беріледі. Үлесті алудың бірінші сабағында оқушылар бірден шаманың үлесін табуды шешуге үйренеді. Мысалы: «көк кесіндінің ұзындығы қанша сантиметр? Көк кесіндінің жартысының (екіден бір бөлік) ұзындығы қанша сантиметр?» (4 см) Бірден әр түрлі шамалар қарастырылады: «тәуліктің жартысы неше сағатты құрайды? Ал тәуліктің төрттен бір бөлігі? Ал үштен бір бөлігі неше? Сағаттың жартысы неше минут? Ал сағаттың үштен бірі ше?», «Ұзындығы 20 м жолақтың жартысы қанша метр? Ал төрттен бірі ше?», «Қорапта 18 кг шай бар. Қораптың жартысы қанша килограмм? Ал он сегізден бір бөлігі ше?», «Ыдыста 24 литр сүт бар. Ыдыстың үштен бір бөлігінде қанша литр сүт бар? Ал жиырма төрттен бөлігі ше?». Есепті салыстыру және оларды шешу арқылы оқушылар әр түрлі шамаларға үлесті қолдануға және табуға үйренеді. Мысалы, бір кесінді алайық. Кесіндінің ұзындығы қанша сантиметр? Кесіндіні неше тең бөлікке бөлуге болады? Әрбір бөліктің ұзындығы қанша сантиметр? Ұзындығы 1 см болатын 5 бөліктен тұратын кесіндіні сыз. Қосудың көмегімен оның ұзындығын қалай табуға болады? Ал көбейту ше? Оқушылар шаманы үлесі бойынша табуға берілген есепті шешуге дайындалады: «Сымның бестен бір бөлігінің ұзындығы 20 см. Сымның ұзындығын тап?»