Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Мектептің материалдық техникалық базасы және оның дүниетануды оқытудағы маңызы



бет27/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Мектептің материалдық техникалық базасы және оның дүниетануды оқытудағы маңызы
Дүниетану пәнін оқыту еліміздің қоршаған ортасы, табиғи байлығы, экономикасы, адамадам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.Қазіргі таңда дүниетану пәні ғылымдарының негізгі жетістіктерінің қамтылу кеңдігімен, ал екінші жағынан, оларды оқытуда көрнекі, сапалы деңгейі мен маңызды қолданбалы аспектілерге басым назар аудару ерекшеленеді. Бұл оқу-әдістемелік құралында дүниетану пәнін оқыту әдістемесі бойынша әдіснамалық негіздері, жаңартылған білім беру бағдарламасына негізделген сабақ жоспары үлгісі, оқыту әдістерінің түрлері қарастырылған.
Дүниетану” пәні бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және оқу-материалдық жағынан қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі және жергілікті білім беруді басқару органдары (департаменттері) жүзеге асырады.
“Дүниетану” пәніне төмендегідей материалдық-техникалық база жатады:
Альбом (көркем суреттер (1-4 сыныптарға арналған).
Бастауыш сыныптарға арналған географиялық атлас (1-4 сыныптар).
Бастауыш сыныптарға арналған контур карталары (3,4 – сыныптар).
Аудио-бейне құралдар (оқу фильмдері, слаидтар, диафильмдер, магнитофондық жазулар (1-4 сыныптарға).
Өсімдіктердің гербарийлері (1-4 сыныптар).
Жан-жануарлардың макеттік коллекциялары (1-4 сыныптар).
Пайдалы қазбалардың коллекциялары (1-4 сыныптар).
Ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары (1-4 сыныптар).
Қазақстанның физикалық, экологиялық және саяси карталары (бастауыш сыныптар үшін).


Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психолого-педагогикалық негіздері
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
1. Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
2. Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністерін сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.
3. Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? сұрағына жауап береді.
Мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.
Мәтіннің біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығыэкспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтік, диалогтік (кей ретте полилогтік те) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызшамәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.
Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға,адами ізгі,эстетикалық тәрбие беруге,әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады.Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу»оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы түрлі оқу материалдарының мазмұнын, яғни мәтіндерді оқушылар дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушының жасына, дайындығына, білімі мен дағдысына байланысты іріктеледі. Олар:
1. Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
2. Мәтінге байланысты сөздік жұмысы.
3. Шығарманы оқу.
4. Шығарманың жоспарын жасау.
5. Оқыған шығарманың мазмұнын айту.
6. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Мәтінмен жұмыста мұғалім ескеретін жайлар:
• Сұрақ қоюға ыңғайлы мәтіндерді таңдап алу.
Жақсы жазылған мәтіндер өте көп, бірақ олардың бәрі бірдей сұрақ қоюға мүмкіндік жасай бермейді. Сондықтан оқушыларды ойландыратын, түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет