Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Жылдамдық, уақыт және қашықтық шамалары арасындағы байланыстарға арналған есептерді шешу



бет52/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Жылдамдық, уақыт және қашықтық шамалары арасындағы байланыстарға арналған есептерді шешу


Қозғалысқа байланысты есептер, яғни жылдамдық, уақыт, қашықтық шамаларына қатысты есептер төртінші сыныпта қарастырылады.
Жылдамдық –уақыт- қашықтық шамалары арасындағы байланыстарды анықтау басқа пропорционал шамалар арасындағы байланыстарды анықтау әдістемесімен жүргізіледі. Осы жұмыстың нәтижесінде балалар мынадай байланыстарды ұғынулары тиіс: егер қашықтық пен жүрілген уақыт белгісі болса, онда жылдамдықты бөлу амалы бойынша табуға болады; егер жылдамдық пен жүрілген уақыт белгілі болса, онда қашықтықты көбейту амалымен табуға болады; егер қашықтық пен жылдамдық белгілі болса,онда жүрілген уақытты бөлу амалымен табуға болады.
Бұдан әрі қарай, осы білімдерге сүйене отырып, балалар құрама есептерді, соның ішінде төртінші пропорционал шаманы табуға, пропорционал бөлуге, жылдамдық пен уақыт шамаларын және екі айырма бойынша белгісіз шамаларды табуға берілген есептерді шығарады.
Осы есептермен жұмыс жасағанда сызба түрінде иллюстрацияны жиірек пайдалану керек, өйткені сызба есепте айтылған өмірде болатын жағдайды адамның көз алдына келтіруге көмектеседі.
Аталған есептерді шығарумен қатар төртінші сыныпта кездесу қозғалысына және қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған есептер енгізіледі. Осы есептердің әрқайсысы берілген мәліметтер мен ізделінді шамаларға байланысты үш түрлі болады:

  • Бірінші түрі — денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қозғалыс уақыты берілген, ізделінді шама-қашықтық;

  • Екінші түрі — денелердің әрқайсысының жылдамдығы және қашықтық берілген, ізделінді шама-қозғалыс уақыты;

  • Үшінші түрі – қашықтық, қозғалыс, уақыты және денелердің біреуінің жылдамдығы берілген, ізделінді шама –екіншісінің жылдамдығы.



Оқу сабақтарының типтері, құрылымы, ерекшеліктері

Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.


Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты
бастауыш білім беру деңгейінде білім
алушылардың бойында жалпыадамзаттық
құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған
әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бірбірімен байланысы және өзара тәуелділігі
түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
- білім алушылардың бойында қоршаған ортаны құраушылардың
біртұтастығы мен өзара байланыстылығы туралы қарапайым
түсініктер қалыптастыру;
- білім алушыларға құндылықтар жүйесі, әлеуметтік ортадағы
мінез–
- құлық және қауіпсіздік нормалары және экологиялық мәдениет
туралы алғашқы түсініктер беру;
- білім берудің бастауыш деңгейінде білім алушыларды оқытудың
- келесі деңгейлерінде жаратылыстану және қоғамтану пәндері
шеңберінде қоршаған орта туралы тереңірек білім алуға даярлау
және олардың бойында өзбетінше қоршаған орта туралы білім
алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет