Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Сауат ашу кезінде бастапқы оқуды қалыптастыру



бет6/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Сауат ашу кезінде бастапқы оқуды қалыптастыру
Сауат ашу кезінде бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу.
Буындап оқу, тұтас сөздіоқу. Сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөлініп оқылады. Өйткені дыбыстап оқу дегеніміз – алфавиттегі әрбір әріптің жеке дыбысталуын өзара қосып оқу деген сөз. Мұндай жағдайда ешқандай сөз дыбыстарын жасай алмаған болар едік. Мысалы, тақта дегенді «тыақытыа» деп айтар едік. Олай болатын себебі, қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тек дауысты дыбыстардың көмегімен дыбысталатыны жоғарыда сөз болған. Сондықтан сөзді оқудың өлшемі – буын.
Қазақ тілінде буынның негізгі түрлерінің – ашық, тұйық, бітеу буынның – әрқайсысы сауат ашу барысында сөзді буындап оқуға түрлі ықпал етеді.
Дауыссызға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты еркін созып айтуға келмейді, тұйық айтылып, буын соңындағы дыбыс кілт тоқталады, дауыс тынады: ат-тар, ас-тық, ар-қар. Оларды буын ыңғайында дыбыстау үшін үстеме тәсілдер қолдану керек болады (буындағы дауысты мен соңғы дауыссызды қайталап айту).
Дауыстыға аяқталған буын дауысты дыбыс сияқты созылып айтылады, сөзді буындап айтуды оңайлатады, созылыңқы буын өзінен кейін келесі буын бар екенін аңғартады, яғни алғашқы буын, келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Мұндай жағдай буындарды бір-бірімен оңай қосылып, сөзді тұтас құрастырып оқуды жеңілдетеді. Сауат ашуға да керегі осы. Дауыссыздан дауыстыға қарай оқу дауыссыз дыбысты дыбыстауға, келесі буынды қосуға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің буын құрылысына байланысты айтылған бұл ерекшеліктер сауат ашуды ашық буыннан бастаудың тиімді екенін көрсетеді. Осыған орай «Сауат ашу» оқулығы да ашық буында оқытудан басталады, яғни сауат ашудың алғашқы кезеңінде сөзді оқудың ашық буынға негізделген перспективтік материалдары беріледі. Егерде бала жаңа таныған дауыссызға өзіне бұрыннан таныс а дыбысын қосып (а-та түрінде) оқи алатын болса, (әрине, мұндай дыбыстардың қосылысы буын ретінде мұғалімнің басшылығымен жеке де, хормен де дыбысталып үйретіледі), келесі танитын дауыссыздарға да а дыбысын (бара-бара буын өзгерту ұстанымы бойынша барлық дауыстыларды) қатыстырып, ашық буындарды жасай алатын болады.
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет