Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Дүниетануды оқыту әдістемесі пәні және міндеттері



бет29/36
Дата15.06.2023
өлшемі114,61 Kb.
#101593
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
Жауаптар 2-23

Дүниетануды оқыту әдістемесі пәні және міндеттері
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге арнайы мектептегі “Дүниетану пәнін” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал «Дүниетану пәнін» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдістәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:
 оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
 оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);
 дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білікдағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәні жоғары сыныптарда өтілетін физика, химия, биология, география, астрономия сияқты пәндердің алғы шарттары. Бастауыш сыныпта алынған осы ғылымдар төңірегінде алған білімдері жоғары сыныптарда дамытылады.
Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқудың технологиялық ерекшеліктері
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композиция, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы, Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалык шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

  1. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.

  2. Көркем образдары, образдар галереясы.

Әңгіме жанрын оқыту.
Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл керкемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбек те ең негізгі мәселелер. Сондықтан мүғалім ең тиімді деген әдіс-төсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Мысал жанрын оқыту
Мысал - аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашықайқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардьщ өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет