2.2 . Денені шынықтырудың функциялары
Адамға ең қажет нәрсе - оның өмірі мен денсаулығын сақтау. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықтың жоқтығы адамның ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі жасайды, әсіресе жастардың жалындаған күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Әрбір жасөспірімнің дене бітімі жағынан жан-жақты дамуы - бұлшық еттердің болаттай берік болуы, жүрек-қантамыр жүйелерінің, тыныс жолдарының, ас қорыту мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әрбір жасөспірім өз ағзасының құрылысы мен атқаратын қызметін жақсы біліп, тазалық ережелерін саналы түрде орындауға тиіс. Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс қалыптасып өсуіне көп көңіл бөлетіндігі бұрыннан белгілі.
Жасөспірімнің денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір оқушы өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке де, оқуға да құлшына кіріседі.
Мектепке дейінгі мекемелер мен оқу орындарындағы дене тәрбиесінің
бағдарламалық мазмұны өзінің арнайы ерекшеліктеріне ие және ол бәрінен
бұрын балалардың, жеткіншектердің, студенттердің денсаулығын, денесінің қалыпты дамуын, дене даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Дене тәрбиесінің аталған құрамдас компоненттері (денсаулық, дене дамуы, дене дайындығы) өзара тығыз байланысты және жеткіншектер мен жастардың жеке тұлғасын, олардың өмірлік және функционалдық жағдайын (бой, салмақ, өкпенің сиымдылығы, аяқ-қолдардың үйлесімді қатынасы және т.б) қалыптастырып дамытуда жеке фактор болып табылады.
Қоғам үшін бірінші кезектегі қажетті тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып, жетілдіруге және бірқалыпты ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әр-түрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттандыратын бұқаралық спорт болып табылады. Бұқаралық спортпен балалық жастан егде жасқа дейінгі кез-гелген адамның айналысуына мүмкіндігі бар және белсенді қозғалыс қызметінің нәтижесінде организмді өзгертуге, жеке тұлғаны жетілдіруге әсер ететін елеулі мүмкіндіктерге ие. 299 Өзінің атауымен-ақ бұқаралық дене шынықтыру коғамдағы өзінің орнын анықтап отыр:
• Қазақстан Республикасы тұрғындарының көпшілік бөлігін дене
жаттығуларымен, туризммен, шынығумен және дене шынықтырудың өзге де
түрлерімен айналысуға тарту;
• Салауатты өмір салтын қоғамда баянды ету;
• Еңбек өнімділігін және басқаларды арттыру.
Оның негізгі кұрамдас бөліктерінен мыналарды ерекше бөліп айтқан жөн:
• Мектептегі сыныптан тыс дене шынықтыру жұмыстарын;
• Білім беру жүйесіндегі оқудан тыс кездегі дене шынықтыру
түрлері;
• өндірістік дене шынықтыру;
• емдеу-сауықтыру дене шынықтыруы;
• кәсіби-қолданбалы дене дайындығы.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы - бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі
мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен
құралдарының жиынтығы. Бір мақсатқа бағытталған дене шынықтыру бұл ретте кәсіпке үйренуді шапшаңдатуға, еңбектің тиімділігіне қол жеткізуге, кәсіби науқастану мен жарақаттанудың алдын алуға, белсенді демалыс есебінен жұмыс қабілеттілігін .қалпына келтіруге себепкер болады. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы бұдан басқа да кәсіби қолданбалы деп аталатын дене қасиеттері (шыдамдылық, күш, жылдамдық) мен жеке тұлғаның касиеттерін, қолданбалы іскерліктер мен дағдыларды (жүзу, шаңғымен жүру, алпинизм, туризмнің түрлері және басқалар) қалыптастырады. Жоғарыда аталып кеткендей дене шынықтырудың негізгі компоненті және байланыстыратын буыны дене тәрбиесі болып табылады. Ол дене, шынықтыруға балалардың, жеткіншектердің, студенттердің саналы көзқарасы мен түсінігін қалыптастырады. Дене тәрбиесі дененің дамуын, дене дайындығын қамтамасыз етеді, оқушылар мен студенттердің әр түрлі оқу тәрбие қызметінің түрлерін жақсартуға, сонымен бірге тандап алған мамандығын меңгеруге себепші болады. Дене тәрбиесі бұдан басқа да жеке түлғаны қалыптастыратын жалпы мәдениеттілік, адамгершілікті, эстетикалық және өзге де функцияларға ие. Адамның спорттық әрекеттері мен жарыстық қызметтері дене және психикалық қабілеттерінің деңгейін арттыруға себепкер болады. Адамның өз, денесін жетілдіруі, жарыстардың көрермендерді көптеп тартуы және басқалар қоғамға жағымды әсер етегіндігі белгілі. Қозғалыстың жетіспеуі ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі мен есте сақтаудың төмендеуіне себепші болады, эмоционалдық тұрақсыздыққа, стресске, жүректің, ет дистрофиясының функционалды жағдайның нашарлауына әкеп соғады, иммунологилық және аллергияға қарсы организмнің тұрақтылығын төмендетеді. Қозғалыстың азаюынан көңіл-күй, белсенділік нашарлайды. мазасыздық, сенімсіздік, жасырын өшпенділік пайда болады. Денсаулық факторларының 90%-тен астамы медицинаға, 300әсіресе денсаулық сақтау органдарының бүгінгі жағдайында тәуелді еместігіне (генетика, салауатты өмір салты, экология т.б.) ғалымдар қорытынды жасап отыр. Осыған байланысты дене шынықтырудың сауықтыру функциясы және оның маңызы әлі де арта түспек, өйткені дене шынықтыру құралдары тұрғындар үшүн ең оңтайлы болып табылады және тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсе саналы түрді түсінгенде ол көпшілікті қамтитын болмақ. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2030» атты стратегиялық жолдауындағы «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, аман-саулығы» атты тарауда былай деп жазылуы кездейсоқ емес: «Экономиканың өсуі өзінен-өзі біздің азамттардың амандық саулығын қамтамасыз ете алмайды. Ластанған қоршаған орта мен денсаулығына дұрыс қарамау нәтижесінде адамдар жылдан жылға аурушаң болып бара жатқандығы гүлденген экономиканың көз алдыңа елестету қиын емес». Әрі қарай ол қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттелігін атап өтеді: «Салауатты өмір салтына ынталандыру әр қайсымыздың дене жаттығулармен айналысуымызға бағытталған». Қазіргі уақытта спорт ғимараттарының жалдау мен абоненттік төлем ақының қымбаттауына байланысты дене шынықтырудың көп шығынды қажет етпейтін экономикалық тиімді түрлері үлкен маңызға ие болып отырғандығын айта кеткен жөн. Бұл бәрінен бұрын таза ауадағы дене
шынықтыру сабақтары, сауықтыру жүрістері мен жүгірістері, шаңғы
даярлығы, өлке танудың (туризмнің) әр түрі, дене шынықтыру мен үйлестіре
шынығу, спорттық және қозғалыс ойындары және т. б. Қоғамға орасан зор
шығын әкелетін тұмаурату және салқын тиуден болатын жаман әсер ететін
және кең тараған аурулады азайтуда, табиғи – климаттық факторларды
пайдалана отырып, осындай сабақтарды өткізудің пайдалылығын зерттеулер
көрсетіп отыр. Дене шынықтырудың түрлерін таңдағанда қоғамдағы түрлі
әлеуметтік демографиялық топтардың қызығушылығы мен әлеуметтік
қажеттелігін, тіпті жеке тұлғаның да қажеттілігі мен қызығушылығын еске
алу қажет. Дене шынықтырудың маңызды функциоларының бірі Қазақстан
Республикасының Қарулы күштеріндегі әскери қызметшілер мен әскерге
шақырушылардың, сонымен бірге құқық қорғау органдары құрылымдарындағы әскери қолданбалы дайындық болып табылады. Дене шынықтырудың педогогикалық функциясы көп қырлы және өзге көптеген түрлерімен өз-ара байланысты. Сондықтан оның төмендегі негізгі түрлерін айырып атап кетпекпіз. Олар: тәрбиелілігі, білім берушілігі, бос уақытты тиімді пайдалануға жәрдемдесуі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен денесін жетілдіруге себепші болатындығы, балалармен жеткіншектер арасындағы қылмысты істерді азайтуы. Дене шынықтырудың отбасылық – тұрмыстық және жүйкені реттейтін функциясын қосымша атап кетуді жөн көрдік. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл функция ғылыми негіздеуді және өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне кең көлемде енгізуді қажет етеді. Тарихип тұрғыдан алғанда дене шынықтырудың бірінші кезектегі 301әлеуметтік бағалылығы мен мәні қоғамда, өндірістік және әскери қызметті қоса есептегенде, әр түрлі функцияларды орындауға адамның психо-физиологиялық және дене дайындығын қамтамасыз етуден тұрады.Осыған байланысты Қазақстанда қалыптасқан шешілуі қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайларда дене-шынықтырудың тәрбие және білім жуйесімен байланысын, адамның денсаулығы мен түрліше еңбек
қызметіндегі оның жұмыс қабілеттілігіне тиімділігін, қоғамдық өндіріспен
тығыз байланысын негізге алу қажет.
Дене шынықтырудың негізгі әлеуметтік-экономикалық функцияларын
бағалағанда В.И. Жолдак екі аспектіні айырып қарастыру керек деп
есептейді:
1. Адамға дене шынықтырудың әсер ету тиімділігін анықтайтын, дене
шынықтырумен айналысу адамға не беретіндігі, ол қалай өзгереді, осы
жаттығулар нәтижесінде ол қалай жетілетіндігін көрсететін жеке тұлғалық
аспекті.
2. Қоғамдағы барлық қажеттілікті қанағаттандыру үшін рухани және
материалдық өндіріске, әлеуметтік алға басушылыққа адамның қосқан үлесі,
оның қызметі дене шынықтыру мен спорттың адамға жағымды әсерімен
қалай өзгергендігін, жетілгендігін бейнелейтін әлеуметтік аспекті.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық проблемалардың өтпелі
кезеңінің шарттары, міндеттеп отырған жүмыс қабілеттілігі паспорттық
мәліметтерімен ғана емес, сонымен бірге дене жаттығуларымен айналысу
арқылы қамтамасыз етілетін адам ағзасының физиологиялық
көрсеткіштерімен, оның дене мүмкіндіктерімен тығыз байланысты.
Адамның, әсіресе орта жастағылардың қозғалыс белсенділігінің
жүйелі процесі жұмыс кабілеттілігін мезгілінен бұрын жоғалту мүмкіндігін
азайтады және коғамға елеулі материалдық табыс әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |