Сауықтыру-шынықтыру шаралары



бет4/4
Дата18.05.2022
өлшемі19,38 Kb.
#34819
1   2   3   4
Су процедурасы – дұрыс ұйымдастырған жағдайда барлық гигиеналық процедуралардың: баланың қолын, аяғын, бетін, денесін жуудың – шынықтырғыш әсері болады.

Сәби баланың организімін сумен ысқылап дайын ету үшін күн сайын құрғақ ысқылау жасаған дұрыс. Баланың денесі таза фланельмен немесе жұмсақ матамен сәл қызарғанға дейін ысқыланады. 2 – 3 апта бойы құрғақ ысқылаудан кейін ылғалды ысқылауға кірісуге болады. Сәби баланы сумен ысқылаудан өте абай болу керек. Бұл процедураны таңертең ұйқыдан тұрғанда немесе екінші ұйқыдан кейін өткізген дұрыс.

Ысқылау үшін қолданатын судың бастапқы температурасы бір градус төмендеп отырады, оны 25 – 22 оС жеткізеді. Ысқылау жақсы сіңіретін қолғаппен жүргізіледі. Топта қанша бала болса сонша қолғап болу қажет. Ысқылау алдында қолғап су құйылған шылапшынға салып қойылады. Пайдаланғаннан кейін қолғапты қайнатып кептіреді.

Ысқылау белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Әуелі қолы саусақтардан бастап иыққа қарай содан соң кеудесі мен іші ысқыланады. Баланы етпетімен жатқызып қойып арқасын, бөксесін және аяқтарын ысқылайды. Ысқылап болған соң құрғақ сүртеді содан кейін құрғақ орамалмен сәл денесі қызарғанға дейін ысқылайды содан кейін киімін кигізеді.

Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл – ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. 
Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан - жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. 
Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін. Шынықтыру шараларының негізгі принципі – оны баланың сау кезінде бастау, шынықтыру әсерін біртіндеп ұлғайту, оларды жүйелі түрде және бірінен кейін бірін жасау. Әрине, баланың жасы, жеке ерекшеліктері, оның әсері де ескеріледі. Ертеңгілік жаттығулардың пайдасы бәрімізге де белгілі , ертеңгі қимыл қозғалыстың үйлесімділігін баланың физикалық дамуына әсер ететін көптеген табиғи факторлар бар. Солардың бірі-серуен. Ауада серуендеу баланың денсаулығы үшін өте маңызды. Бала таза ауада көп болса оның ағзасы оттегіні жай жүргендегіге қарағанда көп сіңіреді. Ширақ қозғалыста болады, адымдай жүреді,аласа бұтақтан секіреді, сөйлегенде, жүгіргенде қол мен аяқтың қимылын қатар алып икемделеді. Ол үшін қимылды ойындар жақсы. Бала үшін серуенді қызықты ұйымдастыру керек. Жай ғана денсаулықты күшейтіп қоймайды, айналадағы құбылыстарды бақылап, көзқарасы қалыптасады. Ойынды таңдай отырып, жыл мезгілін, ауа райын да ескеуіміз керек. Қыс мезгіліндегі ойындар өте пайдалы, соның өзінде ойын қозғалыстарымен, жаттығулары демалыспен кезектесуі керек. Ыссы ауа- райында ойындар жай қозғалыста болғаны жөн. Ойын қызығымен бала шаршағанын аңғармайды.

Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу басуын қадағалаған дұрыс. Қысқы ойындарда бала шанамен ойнағанды, қар ұстап ойнағанды жақсы көреді. Жаз , күз мезгілінде саябаққа барғанды ұнатады: жапырақ жинау, маусымдық киіммен ,мысалы, аяғында ботинка, үстінде күртемен жүгіру қимылды қиындатары белгілі, бірақ ойын баласы оны жеңуге ұмтылады. Бала бойында осылай қимыл қозғалыста төзімділік, ептілік, ширақ қимыл дамиды. Бұлардың барлығы да денені шынықтыруға жатады. Ауа райы қандай болса да таза ауда болу пайдалы.

Күнделікті шынықтырудың бір түрі — суды ағызып, қолын шынтаққа дейін жуу. Сумен шынықтыру бөлме температурасы +22°С болғанда жалпы немесе жергілікті шаралар түрінде жүргізіледі.

- беліне дейін және бүкіл денесін дымқыл шүберекпен сүрту. Судың температурасын +36°С бастап +28°С жеткенге дейін біртіндеп төмендету (4-5 күн сайын 2 градусқа төмен). Сүртінуде су температурасын +35°С бастап +23°С дейін (4 күн сайын 2 градусқа төмен) жеткізу.

- қарама-қарсы температурадағы жылы, салқын су құю: су температурасы +36°С бастап +25°С дейін, соңында +38°С бастап +18°С дейін .

Балаларға шынықтыру әдісін бастағанда судың температурасын

36 С градустан бастап екі күн сайын біртіндеп жоғарылата отырып 40 С градусқа жеткізеді. Екінші шелектегі судың температурасын керісінше 25 С градустан бастап 18 С градусқа дейін төмендетеміз. Суды құйғанда бірінші жылы су, сосын салқын сумен алма – кезек құя отырып жылы сумен аяқтаймыз.

Жаз мезгілінде құйынуды түскі ұйқыға жатар алдында өткіземіз. Бұл процедураны өткізу кезінде баланың денсаулығын, көңіл – күйін мұқият қадағалау керек.

Құйыну әдісін бірінші баланың аяғынан бастайды.

Жаз мезгілінде бүкіл режимдік кезеңдер мүмкіндігінше таза ауада ұйымдастырылады.



Қорыта айтқанда , сауықтыру – шынықтыру шараларын дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулығын жақсартып, жүйке жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, икемлі, жігерлі, сымбатты болып өсуіне зор ықпал етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: - «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет