Сауықтыру-шынықтыру шаралары



бет2/4
Дата18.05.2022
өлшемі19,38 Kb.
#34819
1   2   3   4
Ауа арқылы шынықтыру: Баланы таза ауамен шынықтырғанда өте мұқият қарау керек. Ауа ваннасын дұрыс қолдана білу балаға өте пайдалы және оның денсаулығына зиян келтірмейді. Сәбиді шынықтыруды үйдегі ауа ваннасынан бастайды, онда сәби үшін оптимальді температура 20 – 22 оС болуы тиіс. Шынықтыру үшін ауа, күн, су – осы үшеуін толық пайдаланамыз. Баланы жөргектегенде 1 – 2 минут жалаңаш жату үшін жаялықты асықпай алмастыру керек. Мұның өзі ауа ваннасына біртіндеп бастамасы болып табылады. Жылдың суық кезінде ауа ваннасын бөлмеде, ал жылы уақытта сыртта жасауға болады.Сондықтан оның терісін ауа температурасының өзгеріс құбылысына біртіндеп үйретеді. Баланы күніне 2 – 3 рет алдымен 1 – 2 минутқа, кейін 3 – 5 минутқа жалаңаш жатқызу керек. Ауа ваннасын біртіндеп күніне жарты сағатқа дейін созады. Тиісті жаттықтырудан кейін ауа ваннасының температурасын 20 – 18 оС – қа дейін азайтуға болады. Әлсіз баланың денесін біртіндеп жалаңаштайды ; алдымен қолын, аяғын одан кейін беліне дейін, ақырында мүлдем шешіндіріп жалаңаш қалдырады. Ауа ванналары организмді жаттықтырып, терінің тыныс алуын жақсартады және жүке жүйесіне қолайлы әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет