Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет25/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

(1.5-бөлім)».  «Бүкіл  оқу  бағдарламасында  оқушылардың  жазбаша  түрде  де, 
ауызша  түрде  де  өздерінің  жолдастарымен,  мұғалімдерімен  және  біршама 
ауқымды  жұртшылықпен  құралдардың  және  академиялық  тілдің  тұтас 
диапазонын дұрыс пайдалана отырып, өзара қарым-қатынаста болуына қолдау 
көрсетіледі 
(1.8-бөлім)»
Жаңартылған 
оқу 
бағдарламаларының 
ерекшеліктерінің бірі – пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру және бір білім 
беру  мақсаты  аясында  «ортақ  тақырыптардың»    берілуі.  Білім  берудің  тиісті 
деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Тіл мен 
әдебиет» білім беру саласындағы пәндердің мазмұнында сөйлеу әрекетінің төрт 
түрі  бойынша  дағдыларды  дамытуға  бағытталған  коммуникативтік  тәсілді 
қолдану көзделеді. Олар: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым [106].  
Жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  бастауыш  сыныптарда  пәнаралық 
байланысты  жүзеге  асырудың  педагогикалық  шарттарын  ғылыми  тұрғыдан 
негіздеп,  әдістемелік  жүйесін  қалыптастыру  үдерісін  мүмкіндігінше  толық 
қарастыру  үшін  ғылыми-зерттеу  әдістердің  бірі  –  нобайын  құру  /моделдеу/ 
әдісін таңдап алдық. 


66 
 
Нобай  /модель,  нұсқа,  үлгі/  –  түпнұсқаны  зерттеу  барысында  оны 
алмастыра  алатын  және  оны  зерттеу  үшін  маңызды  жақтарын  сақтайтын 
материалды  немесе  ойша  елестетуге  болатын  объект.  Нобай  /модель,  нұсқа, 
үлгі/  құру  үрдісі  үлгілеу  деп  аталады,  басқаша  айтсақ,  үлгілеу  –  түпнұсқаның 
құрылымы  мен  қасиеттерін  үлгі  арқылы  зерттеу  үдерісі.  Нобайын  жасау  – 
ғылыми  зерттеулерде  ең  көп  таралған  әдістердің  бірі.  Ол  материалдық  және 
идеалдық  болып  бөлінеді.  Материалдық  үлгілеу  физикалық  (заттық, 
түпнұсқаның  үлкейтілген  немесе  кішірейтілген  көшірмесі,  мысалы,  макеттер) 
және аналогтік  (табиғаты  әртүрлі ұқсас  құбылыстар  мен үрдістерді формальді 
түрде  бірдей  сипаттау,  мысалы,  математикалық  теңдеу)  болып  бөлінеді. 
Идеалдық  үлгілеу  объект  пен  үлгінің  бейзаттық,  идеалды,  ойша  түріндегі 
ұқсастығына  негізделеді.  Идеалдық  үлгілеудің  негізгі  типі  –  сұлба,  график 
сызба, формула, символдар жиынтығын қолданатын таңбалық үлгілеу. Үлгілеу 
үрдісінің  сұлбасы.  «Объект  –  Үлгі  –  Үлгіні  зерттеу  –  Объект  туралы  білім»  
бойынша  жүреді.  Үлгіні  құру  екі  түрде  дедуктивті  (жалпыдан  жекеге  қарай) 
және  индуктивті  (жекеден  жалпыға  қарай)  қағидаға  негізделеді.  Дәстүрлі 
үлгілеу түпнұсқаның қасиеттерін бейнелейтін заттық немесе белгілік үлгілерді, 
яғни  ерекше  объектілер  мен  жүйелерді  құру  және  зерттеу  әдісі  ретінде 
қарастырылады. Нобайда /модель, нұсқа, үлгі/  көрсетілген еңбекте «қандай да 
бір  құбылысты,  үдерісті  немесе  объектілер  жүйесін,  оның  үлгісін  құру  және 
меңгеру  арқылы  зерттеу;  қайтадан  құрылатын  объектілерді  жасаудың 
тәсілдерін анықтау немесе нақтылау мен ұтқырлау үшін үлгілерді қолдану» деп 
те анықтайды.  
Нобайдағы  көрсетілген  мазмұндық-құрылым  да  педагогикадағы 
пәнаралық байланыс мәселесіне, соның ішінде қазіргі жаңартылған білім беру 
мазмұнына қатысты. Пәнаралық  байланыс ұғымы қазіргі білім беру жүйесінде 
«шиыршықтық» атаумен жаңаша мәнде енгізіле бастады және оны білімдердің, 
танымдардың,  сенімдердің,  адамның  психологиялық  ойлануының  жиынтығы 
деп түсінуіміз керек. Пәнаралық байланыс ұғымы «табиғат /жаратылыс/ – қоғам 
–  адам  /таным  болмысы/»  жүйесінде  білім  негізін,  пәнішілік  қатынастарды 
және  түрлі  ғылымдардың  интеграциялануын  реттеуші  қызметін  жүзеге 
асырады.  Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  аясында  педагогикалық 
үдерісті  «шиыршықтық»  /спиральді/  жолмен  ұйымдастыра  алуға  кәсіби 
қабілеттілігін  жаңашылдық  тұрғыдан  бейімделген  мұғалімдерді  дайындау 
қажеттілігінен  туындап  отырған  мәселе  екендігі  анық.  Мәселен,  қазіргі  орта 
білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі 
бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  педагогика  кадрларының  біліктілігін 
арттыру  курсының  білім  беру  бағдарламасында  «шиыршықтық»    /спиральді/ 
білім  беру  жүйесін  /бағдарламасы/  жүзеге  асыру  мәселесі  төмендегі 
мәселелерді қамтиды. Шиыршықтық қағидаты бойынша құрылған білім беру – 
танымдық  теорияға  негізделген.  Бұнда,  ең  күрделі  материалдың  өзі  дұрыс 
құрылымдалып,  дұрыс  ұсынылатын  болса,  оны  тіпті  кішкентай  балалар  да 
түсіне алады. Адамның  танымдық  қабілетін  шартты  түрде үш  сатыға бөліп 
қарастыруға болады /Брунер/:   


67 
 
1. белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);  
2. бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);  
3. таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).  
Бұл шиыршықтық білім беру жүйесінің дамуына себеп болған және оның 
ерекшеліктерін  негіздеуге  өзек  болған  /Брунер/.  Мәселен:  оқушы  мектепте 
оқыған  кезде  тақырыпты  немесе  пәнді  бірнеше  рет  қайталап  оқиды;  әрбір 
қайталап  оқыған  сайын  тақырыптың  немесе  пәннің  күрделілігі  арта  түседі; 
жаңа  білім  алдыңғы  біліммен  тығыз  байланысты  және  бұған  дейін  алынған 
ақпарат тұрғысынан қарастырылады.  
Шиыршықтық  білім  беру  жүйесін  жақтаушылар  оның  төмендегідей 
басымдықтарына  назар  аударады:  Олар:  оқушы  пәнді  қайталап  оқыған  сайын 
ақпарат  толықтырылып,  бекітіліп  отырады;  шиыршықтық  білім  беру  жүйесі 
жеңіл  идеялардан  анағұрлым  күрделі  идеяларға  қисынды  жолмен  ауысуға 
мүмкіндік  береді;  оқушыларды  соңғы  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін 
бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады [107].  
Бастауыштағы шиыршықтық білім беру жүйесінің құрылымы (жоғарыда  
баяндалған  мазмұнда)  әр  сыныпқа  арналған  білім  беру  бағдарламасының 
бағыттарын талдаған кезде барынша түсінікті болады. Ұйымдастыру түрлерінің 
бірнеше  нұсқасын  бастауыш  сыныптарға  арналған  оқу  бағдарламаларының 
құрылымынан  көруге  болады.  Бөлімдер  нақты  бір  пәннің  кезеңдерін 
бейнелейтін  ішкі  тәртіп  бойынша  орналасқан.  Оқушылар  алға  ілгерілеу 
шамасына  қарай  бір  сыныптан  келесі  сыныпқа  ауысқан  сайын  бұл 
тақырыптарды  анағұрлым  тереңірек  түсінеді  және онымен    байланысты  тиісті 
тұжырымдамаларды  қолдануға  мүмкіндік  алады.  Мысалы,  бастауыш  
сыныптарға  арналған  жеке  пәндер  бойынша  шиыршықтық  білім  беру 
жүйесіндегі  /бағдарламасындағы/  ілгерілеуді  оңай  көруге  болады,  мәселен, 
жаңа  тақырып  аумағындағы  білім  тұжырымдамаларының  негізінде  өткенді 
қайталайды  және  жаңа  білім  қалыптастырады.  Оқушылардың    бойында    өмір  
бойы  білім  алу  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында бастауыш сыныпқа 
арналған  пәндердің  аясында  мұғалімдер  әрбір  оқу  жылында  нені  оқыту 
керектігін  және  оқу  сапасы  қандай  болу  керектігін  нақты  білуі  тиіс. 
Мектептердің  әр  алуандығын  қамту  үшін  бастауыш  сыныпқа  арналған  білім 
беру  бағдарламасы  айтарлықтай  икемді.  Туған  тілі  –  қазақ  тілі  болып 
табылатын  оқушыларға  арнап  бай,  құнарлы  тілдік  орта  ұсына  отырып,    білім 
беру бағдарламасы мұғалімдердің тіл саласында туындап қалуы мүмкін өзекті 
мәселелері туралы барынша хабардар болуын қамтамасыз етуге тиіс. Оқушылар 
әртүрлі  пәндердің  аясында  қолдануға  болатын  білім  алып,  дағдылары  мен 
мінез-құлқын  қалыптастырады,  бұл  оқушыларға  мектептен  тыс  өмірде 
қолдануға  болатын  дағдыларды  меңгеруге  көмектеседі.  Осындай  дағдыларға 
сауаттылық,  математикалық  ойлау  қабілеті,  сын  тұрғысынан  және 
шығармашылық ойлау кіреді, бірақ бұл тізім бұлармен шектелмейді.  
Әр пәнді жеке  оқыту  (дискретті  оқыту)  маңызды  болып  табылатынына 
қарамастан,  пәнаралық  байланыс  жаттығулары  пәндерді  анағұрлым  сапалы 
зерделеуге  мүмкіндік  береді.  Каррдың  (2007)  пайымдауынша  [108]    білім  – 


68 
 
өзара байланысты құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. 
Оқыту  мен  оқудың  бұл  тәсілі  оқытудың  сындарлы  тәсілімен  тығыз  
байланысты,    себебі    оқушылар    бірлесіп    жұмыс    істей    отырып,  пәндердің 
араларындағы  мәселелерді  талқылап,  пікірталас  жүргізеді  (Hayes,  2010)  [109]. 
Оқушылар бір пәннің  аясында  үйренген  мәселелерін  екінші  пәнге  пайдалана 
алады    немесе  бір  пәннің  негізінде  басқа  пәнді  оқуды  жақсарта  алады. 
Білімдерді  ықпалдастыру  оқушы  үшін  оқу  үдерісін  анағұрлым    байланысқан  
және  маңызды  етуге  бағытталған.  Бастауыш білім беру кезеңіндегі 1-2 сынып 
оқушылары  жаттығуларды  белгілі  бір  пәнге  жатқызбайды,  сондықтан  
пәнаралық байланыс тәсілі олардың оқу түрін анағұрлым нақты көрсетеді [110].  
Пәнаралық  байланысты  білім  және  тәрбие  міндеттерін  шешуде  өзінің 
мазмұны жағынан кешенді және ерекше мәнге ие педагогикалық құбылыс деп 
тануға  болады.  Оқушының  жеке  тұлғалық  болмысын  қалыптастыру  мен 
дамытудағы білім беру мен оқыту және тәрбие істерін жүргізу,  оны меңгерту - 
пәнаралық  байланыстық  жүйеде  жүзеге  асырылады.  Бұл  оқушыларға  ақиқат 
дүние  біртұтас  деген  түсінік  береді.  Бұл  жүйедегі  барлық  құрылымдық-
құрамалар  біріне-бірі ықпал жасайтындығын және үдерістердің болу себептері 
заңды  құбылыс  екендігін  түсіндіру  керек.  Пәнаралық  байланысты  оқу-тәрбие 
үдерісінде  жүзеге  асыру  барысында  төмендегідей  жағдайлар  орын  алады: 
пәнаралық байланыста кіріктірілген оқу материалдарындағы теориялық білімді 
өмірлік  тәжірибеде  қолдануға,  оқушы  тұлғасын  дамытуда  түрлі  ғылым 
салаларынан білімдер жиынтығын бере отырып, түсінігі мен танымдық ұғымы 
кең  ұрпақ  тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді;  бүгінгі  оқушы  сұранысын 
қанағаттандыруға  бағытталған  білім  беруді  жүзеге  асырады  және  олардың 
қоршаған  әлем  мен  әлеуметтік  ортаны  танудағы  дүниетанымдық  ғылыми 
көзқарасын  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Зерттеуші  ғылым-педагог,  психолог, 
әдіскерлердің ғылыми негіздегі тұжырымдық ой-қорытындыларына мән берсек, 
пәнаралық  байланыста  оқушылардың  жеке  пәндердегі  игеретін  білімдер  мен 
біліктерді, жеке пәндердің оқу материалдарының өзара жақын немесе туыстық 
байланыстарын  түсіне  меңгеріп,  қабылдауы  олардың  білімдерін  бірізділік  пен 
жүйеге  келтіреді,  танымдық  іс-әрекетіне  жаңаша  серпін  тудырады, 
шығармашылық  сипаттар  орын  алады.  Жеке  ғылым  негізіндегі  әрбір  пән 
оқушының  ақыл-ойының  дамуына  негіз  болатын  және  оның  танымдық 
болмысының  жүйелі  әрі  үдемелі  жетілуінің  өзегі  болып  табылатындықтан 
жалпы адамзаттық құндылықтардың бірлікте болуы көзделеді [111]. Пәнаралық 
байланыс  –  оқу  материалдарын  қамтитын  білімнің  мазмұнына  ғана  тәуелді 
емес,  оның  ықпалдық  әсері  педагогикалық  үдерістің  барлық  құрамды 
бөліктерімен  байланысты.  Бірақ,  пәнаралық  байланысты  дидактикалық  қағида 
деп  түсінуге  негіз  жоқ,  себебі  оның  педагогикалық  мақсаттылығы  оқытудың 
жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастығын, оның құрылымдық 
құрамаларын,  яғни,  табиғат,  қоғам  және  адам  туралы  нақтылы  айқын 
түсініктердің  өзара  байланысын  білдіреді.  Білім  мазмұнынының  жаңа 
құрылымы  мемлекетіміздің  мәдени,  рухани  мүмкіндігін  жаңа  сапалық 
деңгейінің көтерілуінің бірден-бір шарты болып табылады. Осыған байланысты 


69 
 
білім  мазмұнында  қазіргі  заман  ғылымының  серпінді  бағыты  мектептердің 
білім  беру  мен  оқыту  мазмұндарының  жаңаруына,  оқушы  тұлғасының 
шығармашылық ойлау әрекеттерінің қалыптасу мен дамуынан көрініс табады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет