Қорғауға ұсынылған қағидалар: – жаңартылған оқу бағдарламасы жүйесі негізінде пәнаралық
байланыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын
қалыптастыру әрекеттері мен жеке тұлғалық дамуының ғылыми-теориялық
негіздемесін беру және «Пәнаралық байланыс» ұғымына жеке анықтама беру;
– оқушылардың жеке тұлғалық болмысының дамуына жаңартылған
білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың ықпалы, ғылыми дүниетанымын
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы, өлшемдері, деңгейлері,
көрсеткіштері және мазмұны мен педагогикалық шарттары;
– педагогикалық үдерісте бастауыш сынып оқушыларының ғылыми
дүниетанымын қалыптастыруды жетілдіру мақсатында бағдарламада «ортақ
9
бөлімдер мен ортақ тақырыптар» деп анықталған жүйелер арқылы тәжірибелік-
эксперимент жұмыстар жүргізіліп, тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныс
берілді, зерттеу жұмысының қорытындысы тұжырымдалды.