65
дағдылар жалпы адамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе
отырып, оқушыларға оқудағы, coндай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне
мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады:
білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу
жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-
қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс
жасау біліктілігі. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің
ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі
оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен
сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы - таным cубъектісі, ал мұғалім
оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде
қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Oқыту мақсаты оқушы және мұғалім
үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық
аспектісінің мәні осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды,
ол жаңарту үдерісінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім
педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы
тиіс. Бұл оқушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы
ортаны құру болып табылады [105].
Жаңартылған білім беруді ұйымдастыратын оқу бағдарламасында
оқушылардың танымдық, білімдік, тәрбиелік деңгейлерінің өсуі мен дамуында
қарым-қатынастық оның ішінде тілдік мәселенің басты орынға ие болуы -
педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы оқыту, оқу іс-әрекетін жүргізудегі
білім, мен тәрбие беру жұмыстарында оқушылар мен мұғалім арасында
жұмыстың нәтижелі болуының нгегізі ретінде қарастыру қажеттілігі алынған.
Мәселен, оқу бағдарламаларында:«Пәннің мазмұнын зерделеуді қолдау
мақсатында пән мұғалімдері пәндік академиялық тілді үйренуді де қолдайды
Достарыңызбен бөлісу: