Критерийлер /Танымдық іс-әрекет / Жоғарыда ұсынылған /сурет 2/
нобайдың мазмұнындағы педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың ғылыми
заңдылықтары мен педагогикалық шарттарын беретін нобай мен жаңартылған
бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың
педагогикалық шарттарына негізделген құрылымдық-мазмұндық нобайының
табиғи сәйкестілігі және олардың бірін-бірі толықтырып, бірізділікпен
жалғасып, өзара ұласымдылықты беретін ғылыми-теориялық және тәжірибелік
мәселелерді қамтитын жүйе ретінде қарауымызға негіз бар. Дегенмен де, /сурет
3/ жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты
жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына негізделген құрылымдық-
мазмұндық нобайы дидактикалық заңдылықтар мен оның прициптерінің
мазмұнын ауқымды қамитынына анық. Сондықтан пәнаралық байланыс
арқылы оқушы тұлғасының ғылыми танымдық түсінік болмысын дамытудың
мазмұны мен формасын және әдіс-тәсілдерін дидактикалық заңдылықтың
мазмұнына бағыттап, жүйелеп, біз ұсынған нобайдың дәйектілігін негіздейді.
Сол себептен, біздің болжауымызша, аталмыш нобай бастауыш білім беру
кезеңіндегі оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асқан жағдайда оқушылардың жеке
тұлғалық болмысының дамуындағы ғылыми-танымдық түсініктерінің
қалыптасуы мен дамуына оң ықпалын тигізеді және білім алудағы
әрекеттерінің тиімділігін арттырады.
Бастауыш білім беру кезеңіндегі педагогикалық үдерісте пәнаралық
байланыс мәселесін шешудегі күрделілік, оның дидактикалық заңдылықтарға
сүйене отырып, қандай да бір педагогикалық құбылыс тұрғысынан талдану
деңгейінің әртүрлі жақтары бар. Пәнаралық байланысты бастауыш
сыныптарды жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық
құрылымына сүйене отырып, жүйе бойынша іске асыруға болады. Мәселен,
бастауышта пәнаралық байланысты іске асырудың төмендегідей педагогикалық
жүйесі жасалған:
– білім беруді «шиыршық» жүйесімен іске асыру;
– ортақ бөлімдер мен тақырыптар;
– жеке пәндер бойынша берілетін ғылыми білімдердің мазмұндық
туыстығы мен сабақтастығы;
– жеке пәннен берілетін жаңа білімді толықтыруда екінші немесе үшінші
бір пәннің мазмұнындағы білімге жүгіну;
– оқушылардың жеке танымдық болмысы мен тұлғасын қалыптастырып,
дамытудағы берілетін толық тәрбиеге кешенді білімдер жүйесімен келу – яғни,
жеке пәндердің өзара байланыстық әрекетін ұстау арқылы оқушының дамуына
ықпал жасау.
Бастауыш білім беру кезеңіндегі пәнаралық байланыстың өзіндік
ерекшелігіне тоқталатын болсақ, бұнда ойын баласының педагогикалық
үдеріске қатысатын – «оқушы» атағына ие болған әлеуметтік ортадағы өзіндік
қызмет «білім алу, оқу, тәрбиелену т.б.» атқаратын тұлға ретінде қарастыра
отырып, оның қалыптасуы мен дамуына кешенді білім беруді жүзеге асырудағы
орын алатын педагогикалық құбылыс ретінде мәнге ие болады. Оқушының
72
жеке тұлғалық болмыс-бітімінің қалыптасуы мен дамуында қоғамның және
табиғаттың өзара әрекетінің ғылыми-философиялық тұжырымдамасының негізі
әлемнің біртұтастық жүйесін беретін құбылыстар мен заңдылықтар жайында
білімдерді беру.
Бастауыштағы пәнаралық байланыстың тағы бір маңызды қыры –
жүйелілік. Қазіргі заманғы білім беру мен оқыту және оқу әрекетін
ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерін – ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
қарастыру, әрі оларды жете түсінудегі зерттеу барысында туындайтын өзекті
мәселелер болмақ. Мәселен, жеке пәндердің мазмұнындағы қамтылған
білімдердің жүйелілігі әрбір нақты пәннің аумағында қарастырылатын
көкейтесті мәселенің /жаңа білім негізіндегі жаңа ақпараттар мен түсінік-
атаулар/ неғұрлым жалпы басқа өзекті мәселелермен өзара байланыста, әрбір
мәлімет-деректі басқа деректермен байланыстыра қарауды талап етеді немесе
басқаша айтқанда оның әрекеттерін бір жүйеге келтіреді. Жүйелілік түрде келу
педагогикалық үдерістің негізгі құрылымдық-құрамаларының өзара байланысы
мен бірлігін, оның толығымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қарастырылып
отырған мәселеге қатысты аталған көзқарас мектептегі – бастауыш білім беру
кезеңінде пәнаралық байланыс жүйесін іске асырудың қажеттігін түсіндіреді.
Бастауыш білім беру кезеңіндегі педагогикалық үдерістегі пәнаралық
байланыстар туралы мәселені талдау үшін негізгі таңдау олардың оқу
бағдарламалары мен оқулықтағы ортақ бөлім және ортақ тақырыптардың
берілуінен, оларды жүйелеудегі әртүрлілікпен, білім беру мен тәрбиелеудің
қағидалық ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері бойынша және жалпы
дидактикалық заңдылықтарды анықтаулар бойынша өзіндік ерекшелігі мен
күрделілігі басшылыққа алынады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы
пәнаралық байланысты педагогикалық үдерісте орын алатын ерекше
«педагогикалық құбылыс» ретінде қарастыра отырып, оның ғылыми-
әдістемелік және философиялық әдебиеттерде педагогикалық ықпал жасау
әрекеттерінің бағыт-бағдарына негізделе отырып, оқушының жеке тұлғалық
болмысының қалыптасу мен даму бағытына /траекториясына/ «өзек» болатын
күш деп түсінуіміз қажет.
Пәнаралық байланысқа – ерекше «педагогикалық құбылыс» ретінде қарау
арқылы педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және оның құрылымдық-
құрамаларының – теория мен тәжірибенің, рационалды және эмоционалды,
репродуктивті, шығармашылықтың, жеке және ұжымдық, т.б. аталған
құрылымдардың бірлігі негізінде қарастыру қамтамасыз етіледі. Бастауыш
сынып оқушылары қоршаған орта мен әлемге деген түсінік-танымдарын
ғылыми негізде бекітетін білімінің артуына байланысты оның құрамды бөлігі
саналатын құрылымдық-құрамаларының мәні мен маңызы арта бермек, себебі,
мектеп пен оқушылардың мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары.
Қазіргі ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағытта оқушылардың
жеке болмысының дамуына ықпал жасаудағы педагогикалық үдерісте
пәнаралық байланысты жүзеге асыруда білім берудің жаңартылған
бағдарламасының құрылымды-заңдылық жүйесін басшылыққа алу негізгі шарт
73
болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы құрылымдық
құрамалар,
яғни
оқу
бағдарламасы
пәнге,
сыныпқа
қатысты
ұйымдастырылатын бөлімнің оқу мақсаттарын айқындайды. Онда оқыту мен
тәрбие қағидаты бірге жүреді, оқу үдерісіндегі оқушы мен мұғалім қатынасы,
күтілетін нәтижелер белгіленеді, бағалау жүйесі, оқытудың белсенді әдістері
қолданылады және оқушылардың жобалау және зерттеу әрекеттері дамиды.
Құндылықтар, күтілетін нәтижелер – оқу мақсаты, оқу бағдарламасының
үдемелілігі, теориядан тәжірибеге, пәнаралық байланыс, үштілділік саясаты,
оқыту тәсілдері, олардың жүйелілігі басшылыққа алынады. Бұл оқушылардың
жеке болмыстық дамуындағы білім, сенім, адам мұраты, дүниетанымдарын
жетілдіре отырып, өзіндік жеке көзқарастарын қалыптастырады. Оқу
бағдарламаларының мазмұндық жүйесі бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне, күрделі дүниетанымдық білім қалыптастыру қабілеттеріне
қарай сараласақ, олар дүние, қоршаған орта, табиғат, қоғамдағы іс-әрекеті
туралы – Отан, халық, бейбітшілік, болашақ, т.б. ғылыми білімнің алғашқы
негіздерін игереді. Сонымен бірге, оқу-тәрбие үдерісінде олардың қоршаған
әлем туралы ғылыми-танымдық түсініктері қалыптасатындығы айқындалған.
Ғылымдардың интеграциялануы негізінде орын алатын пәнаралық
байланыстардың оқушы тұлғасының толық дамуына ықпал ету мәселелеріне
философиялық, психологиялық, педагогикалық және жеке пәндерді оқыту
әдістемесі, т.б. тұрғысындағы ғылыми зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып,
төмендегідей ойларды түйіндеуге болады:
– білім беру тарихында және қазіргі уақытта яғни, өз заманына сай шәкірт
тәрбиелеуде отандық және шетелдік философтар мен ойшыл-педагогтардың
озық пікірлері бойынша оқушылардың жеке тұлғалық болмысын толық
қалыптастыру мен дамытуда өзек болатын мәселелерге мыналар жатады;
– пәнаралық байланыс – оқушы тұлғасын толық жетілдіруде оның
танымдық сұраныстарындағы қажеттіліктері мен ой-әрекеттерінің дамушылық
бағыт-бағдарларын реттеуші қызметін атқарады, білім алушының жас және
жеке психологиялық ерекшеліктері мен өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып,
ықпал жасаудың өзегіне айналады;
– оқу материалдарының өзара кіріктірілуі немесе байланыстары арқылы
білім беру мен оқыту және тәрбиелеу үдерістері оқушылардың қарапайым
дүниетанымнан ғылыми дүниетанымға өту бағытындағы яғни, оқушының жеке
тұлғалық болмысының даму іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеушісі, сенім мен
мұратының өзегі, әрі олардың көрсеткіші ретінде көрініс береді;
– оқушының жеке тұлғалық болмысының дамуындағы өзекті және
қажетті іргетасы – білім беру мен оқыту болғандықтан, ғылыми дүниетанымды
қалыптастырудың ең маңызды шарттарының бірі – бұл ғылыми білімдерді жеке
пәндердің оқу материалдарымен өзара байланыстыра отырып, шиыршық
үлгісінде беру болып табылады.
Бастауыш білім беру кезеңінде оқушылардың жеке тұлғалық болмысын
толық қалыптастыру мен дидактикалық заңдылық пен талаптық жүйе негізінде
дамыту – күрделі әрі ұзақ жүргізілетін барыстар, сондықтан бастауыш
74
сыныптардың сатылық деңгейіне орай «ортақ тақырыптар» негізінде пәнаралық
байланыстар үлкен мәнге ие.
Бастауыштың жаңартылған білім мазмұнында пәнаралық байланысты
«шиыршықты» жүйеде жүзеге асыру арқылы оқушылардың тұлғасын дамытуда
ортақ тақырыптар негізіндегі жеке сабақтарда танымдық қызығушылығы мен
ынтасын арттыратын жаңашыл әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану оң нәтижесін
беретіні анық. Пәнаралық байланысты бастауыштағы оқу-тәрбие үдерісінде
оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мен дамытуда ғылыми
жүйеде арнайы бағытта ұйымдастырылатын басты педагогикалық әрекеттер
жиынтығы деп негіздей аламыз.
Пәнаралық байланысты педагогикалық үдеріске ендірудің алғашқы
кезеңдерінде танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың себеп-салдарына өзек
болатынын ескерсек, ал оның оқу-тәрбие барыстарында дидактикалық
заңдылықтар мен талаптарға бағына отырып іске асырылуы нәтижесінде
теориялық білімдерді игеруде өмірлік тәжірибемен ұштастырыла отырып,
оқушының жеке танымдық қызығушылығы мен белсенділіктерін реттеуші
күшке айналып, кіріктірілген немесе өзара байланыстырылған оқу
материалдарының ықпалдастығының негізінде дамытушылық қызметке ие
болады. Пәнаралық байланыстар білім беру мен оқыту мазмұнындағы игеруге
тиісті іскерлік пен білік, дағды мен машықтану негізінде бастауыш сынып
оқушысының ақыл-ой өрісін дамытудағы, дүниенің біртұтастық бейнесін
ақиқаттық жүйе тұрғысында түсінуге ғылыми көзқарастарын қалыптастырып,
меңгерген білімдері өмірмен, қоғамдық және әлеуметтік орта тәжірибесімен
байланыстырудағы маңызды құралдардың бірі ретінде ғылыми-әдістемелік
тұрғыдан қарастырылуы заңдылық. Бұл тұрғыдағы ғылыми негізделу –
пәнаралық байланыстың педагогикалық құбылыс ретіндегі қызметінде
оқушыларды жалпы ғылыми сипаттағы абстракциялау, ұқсастыру, жалпылау,
жалпыдан жекеге көшу, нобай жасау, т.с.с. танымдық әдістермен айналысуға
мүмкіндік беретіндігі, яғни олардың пәндік таным аумағын кеңейтетіндігі
метапәндік таным аумағына өріс алатындығына себепші болатындығына көз
жеткіземіз А.А.Бейсенбаева [74], А.Мұхаметжанова [59], С.С.Смаилов
[112,113], В.Краевский [114,115], И.Д.Зверев [116] және т.б.
Диссертациялық
зерттеу
жұмысы
аясында
жаңартылған
оқу
бағдарламасы негізінде пәнаралық байланысты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
жүйелеу, жеке пәндердегі ортақ тақырыптарға бағындырылған оқу
материалдарының мазмұнындағы атаулық-ұғымдар және оқу материалдарының
теориялық байланыстары, іс-әрекеттерде теориялық білімдердің өмірлік
тәжірибемен ұласымдылығы, білімдердің кешенділігі жаңа ғылыми
ұғымдардың қалыптасуына өзек болады, әрбір пән мазмұнына енетін білімдер
жиынтығын саналы түрде меңгеру орын алады.
|