Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет35/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

 
 


102 
 
2.3. Жаңартылған білім мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге 
асырудағы мұғалімдердің кәсіби даярлық көрсеткіштері  
 
Бастауыш сыныпта білім беру мен оқыту және тәрбиелеуді жаңартылған 
білім  мазмұны  аясында  пәнаралық  байланыстар  арқылы    жүзеге  асыру 
бойынша  жүргізілген  эксперимент  нәтижесі  жұмыстарына  Тараз  қаласы 
бойынша  Қаратай  Тұрысов  атындағы  №53  мектеп-гимназиясы,  А.Бөкейханов 
атындағы  №1  гимназиясынан,  сонымен  қатар,  Жамбыл  облысы  Талас 
ауданынан  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  гимназиясының,  Мойынқұм 
ауданының  Жамбыл  атындағы  гимназиясынан  барлығы  42  бастауыш  сынып 
мұғалімдері  тартылды.  Оның  22-сі  –  эксперименттік  топ  сыныбының 
мұғалімдері болса, ал 20-сы – бақылау тобындағы сынып мұғалімдері.  
Жоғарыда көрсетілген жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында 
пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың  бастауыш  сынып  оқушыларының 
жеке тұлғалық бітімінің дамуына сапалы ықпал жасап, ғылыми дүниетанымын 
қалыптастыруға 
деген 
ықпалының 
маңыздылығына 
байланысты  
тұжырымдалған  теориялық  идеялардың,  ой-пікірлердің  негізінде  және  зерттеу 
жұмысымыздың  өзегі  ретінде  мынадай  басты-басты  ой-қорытындыларын 
анықтадық:  Қоршаған  әлем,    дүниедегі  заттар  мен  құбылыстар  әрдайым 
қозғалыста  болып,  өзгерістерге  түсіп  отырады;  қоршаған  дүниеде  кездесетін 
барлық  заттар  табиғи,  яғни  табиғаттың  күшімен  жасалған  заттар  (өзен,  тау, 
аспан т.б.) және жасанды, яғни адамның қолымен жасалған заттар (барлық өнер 
туындылары, сәндік-қолөнер заттары, тұрмыс заттары, техника құралдары т.б.) 
болып  екіге  бөлінеді;  барлық  заттар  міндетті  түрде  белгілі  бір  кеңістікте 
орналасады  және  сол  кеңістікте  орын  ауыстырады;  дүниедегі  заттар  мен 
құбылыстар  тек  қана  жарық  арқылы  көзге  көрінеді  және  жарық  арқылы 
олардың  көлемі,  пішіні,  түсі,  табиғаты  анықталады;  табиғатта  кездесетін 
барлық заттардың өзіне тән пішінмен, жасалу, шығу тегі болады. 
Пәнаралық  іскерлік.  Оқушының  бір  пәннен игерген білім мен  меңгерген 
білік,  дағды-іскерліктерін,  екінші  бір  пәннің  оқу  материалын  меңгеруде 
пайдалана  білуі  мұғалімнен    педагогикалық  кәсіби  қабілеттер  мен 
шеберліктерді талап етіледі. Мәселен, әдебиетті оқу пәнінде меңгерген кітапты 
пайдалану дағды мен іскерлігін, /тілдерді оқыту/ - қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі 
немесе  дүниетану,  математика  т.б.  пәндерді  оқып-үйренуге  пайдалану. 
Оқушының  бір  пәннен  танымдық-іздену  бағытта  үйренген  ой,  еңбек 
іскерліктері мен машықтары  өзге пәндердің оқу материалдарын терең, әрі берік 
меңгеріп, түсінуге септігін тигізеді. 
Пәнаралық 
байланыс 
сабақтарының 
дидактикалық 
міндеті 
– 
педагогикалық  үдерісте  білім  беру,  тәрбиелеу  және  дамытушылық 
қызметтерінің арасындағы байланысты тәжірибеде іске асыру болып табылады 
[137,139,148,149]. 
Қазіргі  мектептерде  орын  алып  отырған  жаңартылған  білім  беру 
мазмұнындағы  ортақ бөлімдер мен тақырыптар, соның ішінде қысқа мерзімді 
оқу жоспарлар пәнаралық байланыс сабақтары негізінде жетілдіріліп отыруды 


103 
 
талап  етеді.  Сондықтан,  қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  сабақ  берудегі 
шығармашылық-ізденушілік 
жұмыстарында 
пәнаралық 
байланыстарды 
педагогикалық  тәжірибеде  сапалы  және  жүйелі  қолдана  алуы  үшін  
«Педагогикалық  шеберлік  орталығы»  мен  «Өрлеу»  мұғалім  біліктіліктерін 
арттыру  мен  жетілдіру  институттарында  немесе  жоғары  оқу  орындарында 
арнайы  курстан  өткен  профессор-оқытушылардың  арнайы  курстарында  кәсіби 
біліктіліктерін арттыру қажет. Бұны бүгінгі күндегі қажеттілік болып отырған 
заңды құбылыс деп түсіну қажет.      
Оқу-тәрбие  жұмыстарының  барыстарында  орын  алатын  маңызды 
«педагогикалық  құбылыстардың»  бірі  –  пәнаралық  байланыс  екендігі  біздің 
зерттеу жұмысымызда дәлелденді. Мәселен: 
–  педагогикалық үдерісте оқушылардың пәнаралық байланысты түсінуін, 
саналы қабылдауын, ғылыми-танымдық беленділік әрекетінің қалыптасуы мен 
дамуы бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру; 
–  жеке  пәндердің  мазмұнындағы  оқу  материалдарының  жүйесіндегі 
оқушыларға  берілетін  білім  мен  тәрбиені  беру  пәнаралық  байланыс 
сабақтарында жүзеге  асыру  –  оқытудың  мақсат,  міндеттері,  әдіс-тәсілдері  мен 
дидактикалық материалдарды өзара байланыстыру пайдалану және оқытудағы 
кері  байланыс  орнату  мүмкіндіктерін  айқындау  бағытына  негізделген 
жұмыстар  қысқа  мерзімді  оқу  жоспарының  шығармашылықпен  құрылуына 
байланысты  болып  келеді.  Осыдан  біз,  білім  мазмұнының  жаңаруындағы 
қазіргі  заман  ғылымының  серпінді  бағытын  және  оқушының  жеке  тұлғалық 
болмысындағы  іздену-шығармашылық  ойлауы  мен  ғылыми-танымдықтағы  ой 
еңбегін жасау дағдысының қалыптасу үдерісін көре аламыз. Қазіргі білім беру 
жүйесі  мен  оқу-тәрбие  үдерісімен  айналысатын  мекемелердің  басты 
міндеттерінің  бірі  –  қол  жеткен  қоғамдық,  рухани  және  материалдық 
құндылықтарды,  өндірістік  тәжірибені  игерген  тұлға  болмысын  дайындау. 
Осыған  сәйкес  М.Скаткин  жалпы  білім  беретін  пәндерге  қатысты  өзара 
байланысты  білімнің  түрлерін:  негізгі  ұғымдар  мен  терминдер;  әр  түрлі 
нысандар  мен  болмыс  құбылыстары  арасындағы  байланыстарды  және 
қатынастарды  ашатын  күнделікті  болмыстық  және  ғылыми  фактілер;  берілген 
пәндік  саланың  құбылыстарын  түсіндіру  және  болжау  нысандары  мен 
әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын 
теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері 
және  білімді  алу  тарихы,  ғылым  тарихы  жөніндегі  білімдер;  қоғамдағы 
белгіленген  өмірлік  әр  түрлі  құбылыстарға  қатысты  нормалар  жөніндегі 
білімдер деп қарастырады [151].  
Оқыту  мазмұнындағы  білім  мен  іскерліктің  адамның  интеллектуалдық 
өрісін  байытудағы,  ақиқат  дүниенің  біртұтас  жүйе  екендігі  жөніндегі  ғылыми 
көзқарасты  қалыптастырудағы,  алған  білімді  өмірмен,  қоғамдық  тәжірибемен 
байланыстырудағы  құралдардың  бірі  –  пәнаралық  байланыстар.  Пәнаралық  
байланыстар  өткен  ғасырдың  соңғы  20  жыл  төңірегінде  кеңінен  зерттелген 
мәселенің  бірі  ретінде  де  қарастырылады.  Зерттеулердің  нәтижесіне  сәйкес 
пәнаралық  байланыстар  оқытудың  қағидасы  және  білім  берудегі  міндетті 


104 
 
элемент ретінде де айқындалады /В.В.Краевский, И.Я.Лернер, А.А.Бейсенбаева, 
И.Д.Зверев, В.Н.Максимова және т.б./ [115,150,111,117,]. 
И.  Зверев  пәнаралық  байланыстарды  толық  негізде  жүзеге  асыратын  
білім  беру,  дамыту  және  тәрбиелеу  функциясының  өзара  байланыстарынсыз 
оны  елестетудің өзінің  мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың 
жалпы білім беретін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі 
формаларының  өзара  байланысын  көрсететін  әлем  жөніндегі  жалпы  білімдер 
жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу 
функциясы 
оқушыларда 
диалектикалық-материалистік 
дүниетанымды, 
өнегелік-эстетикалық  идеяларды,  жеке  тұлғаның  эмоционалдық-еріктік 
қасиеттерін 
қалыптастыруды 
көрсетеді. 
Пәнаралық 
байланыстардың 
дамытушылық  функциясы  салалас  пәндерді  зерделеу  кезінде  жалпы 
жаратылыстану,  ғылыми  және  политехникалық  ұғымдарды  дамытуда,  талдап, 
қорытындыланған  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыруда  жүзеге 
асырылады [116].  
Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім 
тұлғаны  қалыптастыру  функциясында  едәуір  мәнге  ие.  Еңбекке  баулу  мен 
ғылыми  негіздерінің  пәнаралық  байланысы  мектеп  оқушысында    объективті 
дүниетанымды  қалыптастыруға  едәуір  ықпал  етеді.  Ол  сананың,  сезім  мен 
мінез-құлық  әрекетінің  жүзеге  асуына  мүмкіндік  береді.  В.Скакун  өз 
жұмысында  пәнаралық  байланыстарды:  зерделейтін  оқу  материалдары 
мазмұны  бойынша  оқушыларда  қалыптасатын  жалпы  оқу  іскерліктері 
бойынша,  оқыту  әдістері  мен  құралдары  бойынша,  оқушыларды  тәрбиелеу 
және  дамыту  әдістері  мен  құралдары  бойынша  деп  ажыратылады.  Пәнаралық 
байланыстардың  оқушы  жеке  тұлғасын  дамыту  міндеттерін  шешудегі 
әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды. 
В.Скакуннің  пәнаралық  байланыстарының  түрі  бойынша  мұғалім  мен 
оқушы тарапынан орындалатын іс-әрекеттер сипаты төменде беріліп отыр: 
–  зерделенетін  оқу  материалдары  мазмұны  бойынша  пәнаралық 
байланыстар.  Бұл  байланыс  түрінде  оқу  материалдарын  іріктеуден  бастап 
пәнаралық  байланыстарды  белгілеу,  басқа  пәндерді  зерделеу  барысында 
өндірістік  және  өмірлік  тәжірибеде  алған  білімдерді  оқушылардың  берілген 
пәнді зерделеу  үшін пайдалану, барлық пәндерде кездесетін терминді бірыңғай 
ғылыми көзқарас тұрғысынан пайдалану, әр түрлі пәндерді зерделеу барысында 
оқушылардың  алған  білімі  мен  іскерліктерді  кешенді  пайдалануды  жүзеге 
асыру тиіс; 
–  оқушылардың  жалпы  оқу  іскерліктерін  қалыптастыру  кезіндегі 
пәнаралық  байланыстар.  Бұл  байланыс  түрінің  сипатына  оқушылардың 
кітаппен  жұмыс  жасау  іскерліктері,  оқушыларда  жоспарлау  іскерліктерін 
қалыптастыру, пәнаралық сипаттағы интеллектуалдық іскерлікті қалыптастыру, 
тәжірибелік  және  ұйымдастырушылық  (жұмыстағы  тәртіптілік,  жұмыс  орнын 
тиімді  ұйымдастыру,  өзіндік  бақылау,  еңбек  қауіпсіздік  ережелерін  сақтау) 
іскерліктерді қалыптастыру тән; 


105 
 
– оқыту әдістері мен құралдары бойынша пәнаралық байланыстар. Мұнда 
әр түрлі оқу материалдарын пайдаланып үй тапсырмасын орындау, пәнаралық 
сипаттағы білімдерді дамытуға әңгімелер өткізу, басқа пәндер бойынша деректі 
фильмдерді, үзінділерді,  көрнекі  құралдарды  қолдану,  сандық  және  танымдық 
тапсырмаларды,  пәнаралық  музыкадағы  кроссвордтарды  шешу,  т.б.  іс-
әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс;  
– оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша 
пәнаралық байланыстар. Бұл байланыста әрбір пәннің дүниетанымдық идеясын 
ашу,  қоғамдық  құрылыстың  өмірмен  байланысы,  еңбекке  шығармашылық 
қатынасты,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  және  өз  бетінше  жұмыс 
жасай алатынын дамыту, барлық педагогтер тарапынан оқушыларға қойылатын 
бірыңғай  педагогикалық  талап,  оқушылардың  ұжымшылдығын,  өзара 
көмектесулерін  дамыту,  педагогтің  өзінің  жеке  үлгісін  өнеге  ретінде  жүзеге 
асырылуы қажет [145].  
Пәнаралық байланыс арқылы оқу жұмысын ұйымдастыруға ұсынылатын 
материалдар  балалардың  жас  ерекшеліктерін,  психологиялық-  физиологиялық 
қабылдау мүмкіндіктерін ескеріп, оны тәжірибе процесінде тиімді пайдаланған 
дұрыс.  Жаратылыстану  сабағында    өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесіне  деген 
қызығушылығы, оларды сырттай бақылауы, өсімдіктерді сындырмау, өзен-көл 
суларын  ластамау,  қоршаған  ортада  тазалық  сақтау  сияқты  адамға  ғана 
тән   табиғат  қорғау  іс-әрекеттерінің   ата-аналардың  ықпалымен  жүргізілуі 
балалық  шақтан  дағдыға  айналып,  күнделікті   өмірде  орындауға  тиісті 
міндеттерге  айналуына  мүмкіндік  туғызады.  Оқу-тәрбие  үрдісі  кезінде  бала 
табиғатты бақылап үйренсе, оның түрлі құбылыстарын сезінсе, табиғатқа деген 
сүйіспеншілігі артып, әсемдікті түсіне білу қабілеті дамиды. Осының негізінде 
олар  мәтін  мазмұнын,  қолданылған  сөздің  мағынасын,  көріністерді  сипаттау, 
шығармадағы  суреттелген  әсемдікті  де,  музыканы  да,  сөзді  де  өте  нәзік 
қабылдайды.  
Пәнаралық байланыс арқылы оқыту жұмысы  мұғалімнің негізгі салалары 
болып  есептелетін  адамгершілік,  эстетикалық,  еңбек  тәрбиелерінің  желісінде 
және халықтық педагогиканың қайнар бұлағы пайдаланыла отырып жүргізілсе, 
айналадағы  орта,  табиғат  жайындағы  жалпылама  ұғымдар  нақтыланып, 
қалыптаса  береді.  Дүниетану  сабағындағы  іс-тәжірибелік,  сарамандық 
жұмысына  орай  көрнекіліктерді  қолдана  отырып,  табиғат  бұрышының 
жабдықталуына  байланысты  сайыстар  ұйымдастырылып,  экология  мәселелері 
туралы,  жағымды-жағымсыз  әрекеттер  бейнеленген  суретте  пайдаланылғаны, 
ата-аналар  мен  мұғалімдердің  бірлескен  жұмысының  нәтижесінде  табиғат 
туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау  арқылы көрме 
ұйымдастырылғаны  дұрыс.  Дүниетану  сабағында  қарапайым  түсініктерді 
меңгерту  баланың  қоршаған  орта  нысандарына  танымдық  қызығушылығын 
арттырумен  тығыз  байланысты.  Баланың  танымдық  дамуы  ойын  барысында, 
табиғи  нысандар  мен  құбылыстарға  бақылау  жасау,  заттарды  қарап,  зерттеу 
кезінде,  табиғат  пен  табиғат  күнтізбесіндегі  ауа  -  райы  жағдайына  бақылау 
нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады. 


106 
 
Қоршаған  дүниемен  таныстыру  бастауыш  мектеп  оқушысының  сезіміне  әсер 
етіп,  оның  тілін  дамытуға  жағдай  жасап,  айналадағы  өмірді,  табиғат 
құбылыстарын  бағдарлап,    сіңіруге  мүмкіндік  туғызады.  Төменгі  сынып 
оқушысының өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар жөнінде, ол заттардың өсу, 
даму  ерекшелігі,  өзара  «айналасы  жөнінде  өздігінен  ой  қорытындыларын 
жасап,  басқаларға  тусіндіруге  әрекеттенушілігі  басым  болады.  6-7  жастағы 
баланың көрнекті, образды ойлау қабілеттілігі басым болатыны белгілі. 
Осы  орайда,  қазіргі  егеменді  еліміздің  қарқынды  экономикалық  даму 
бағытында  бүкіләлемдік  ғылыми-техникалық  өрлеу  кезеңіне,  әрі  еліміздің 
дүниежүзіндегі  алдыңғы  қатарда  дамыған  отыз  елдің  қатарына  ену  жөніндегі 
ауқымды даму шараларын ұйымдастыру жөніндегі жоспарына сәйкес келешек 
ұрпақтан  білімді,  білікті,  жан-жақты  дамыған  мамандар  даярлауда  пәнаралық 
байланысқа  негізделген    жаңартылған  білім  мазмұны  бағдарламаларының 
міндеттері орындалуы тиіс. 
Қазіргі кезде жаңартылған білім негізіндегі сабақтардың оқу іс-әрекетінің 
бағдары өзгерді, яғни балалар тек оқулықтағы бар білімді игеріп қана қоймай, 
жапсыру, құрастыру, зерттеушілік пен ізденушілік және терең шығармашылық 
іс-әрекеттерімен шұғылданады. 
Зерттеу  барысында  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  арқылы 
бастауыш  сынып  оқушыларының  пәнаралық  байланыс  арқылы  ғылыми 
дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық жүйесі құрылды.  
Бастауыш  сыныптарда  оқытылатын  жеке  пәндердің  бөлім,  ортақ 
тақырыптарға  негізделген  материалдары  арқылы  оқушыларға  пәнаралық 
байланыс  жүйесімен  ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыру  құралдары  мен 
педагогикалық үдеріске пайдаланылатын жаңашыл әдіс-тәсілдер олардың жеке 
тұлғалық  бітіміндегі  ой  мен  қиялды  және  шығармашылық  қабілеттерді 
дамытуға  бағытталған  мұғалімнің  педагогикалық  кәсіби  іс-әрекеттерін 
ұйымдастыру  мен  өткізудегі  белсенді  жұмыстарының  нәтижесін  көрсетеді.  
Пәнаралық  байланыстардың  неғұрлым  тоғысатын  жері  –  ол  бастауыш  сынып 
оқушыларының 
ғылыми 
дүниетанымын 
қалыптастырудағы 
оқу 
материалдарының  «тік»  (тігінен)  /вертикальді/  және  «көлденеңінен» 
/гаризантальды/  етіп  бөлу  және  ішкі  заңдылықтарын  сақтай  отырып 
педагогикалық тәжірибеде ұтымды пайдалану. 
Жаңартылған  білім  мазмұнының  жағдайында  бастауышта  пәнаралық 
байланыстың  жүзеге  асырудың  тәжірибелік  жұмыстары  сыныптағы  алған 
теориялық  білімдерін  сыныптан  тыс  кезде,  өмірлік  тәжірибеде  қолдану  яғни, 
өзінің  қажетіне  жарата  білуінен  де  көрініс  табады  және  бұл  оны 
ұйымдастырудың өзіне тән ерекшеліктерін /формаларын/ талап етеді.    
Жаңартылған  білім  мазмұны  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының 
пәнаралық  байланыс  арқылы    ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыру  мен 
олардың  тұлғалық  болмыс-бітімінің  дамуына  ықпал  етуші  әдіс-тәсілдерінің 
мақсат-міндеттері,  оқушылардың  жеке  пән  сабақтарында  жинаған  білімдерін 
жетілдіру,  дамыту,  кеңейту  және  дүниеге,  қоршаған  орта  заттары  мен 
құбылыстарына  ғылыми  көзқарастарын  қалыптастыру;  оқыту-тәрбиелеу 


107 
 
үдерісінің  өмірмен,  еңбекпен,  өнермен,  өмірлік  тәжірибемен  байланысын 
арттыру;  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  эмоциялық  көңіл-күй 
сарайының  сезімдерін,  танымдық  күштерін,  ой-өрісін,  қиялын,  оқуға,  өмірді 
танудағы ғылыми білімдерге қызығушылықтарын, жауапкершілік, белсенділік, 
тапқырлық қабілеттерін дамыту; эстетикалық талғамдары мен қажеттіліктеріне 
қарай  білім  алу  мен  өзін-өзі  тәрбиелеу,  дамыту  іс-әрекетіне  машықтандыру; 
туған елге, табиғаттың сұлулығы мен көркемдігіне, халқы мен тарихы туралы 
білімдерді  пәнаралық  байланыс  арқылы  кеңейтуге  көмектесу.  Сондай-ақ, 
ғылыми дүниетанымдыққа қатысты 1.«Тіл және әдебиет», 2. «Математика және 
АКТ»,  3.  «Жаратылыстану»,  4.  «Адам  және  қоғам»,  5.  «Өнер»,  6.  Дене 
шынықтыру  циклдерінің  топтамалық  пәніндегі  жалпы  ұғымдар  жөнінде 
тереңдетілген түсініктер беру. 
Тақырып  бойынша  зерттеу  жұмысына  қатыстырылған  мұғалімдердің 
51,8%  жоғары  санатты  және  бірінші  санатты  мұғалімдері,  24,4%  –  екінші 
санаттағы мұғалімдер, ал зерттеуге қатысқан жалпы мұғалімдердің 23,8% -ның 
ғана  санаттары  жоқ,  жас  мамандар  болды.  Зерттеу  жүргізілген  тірек 
мектептердің  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  30,8%  -  өз  тәжірибелерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет