Саусақтарды машықтандыратын жаттығулар Ұсақ моториканы дамыту. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық мағынаға ие. Саусақтарда импулсты орталық жүйке жүйесіне жіберіп отыратын рецепторлардың үлкен көлемі бар.
Қазіргі кезде қол саусақтарының қозғалысы баланың сөйлеу тілінің дамуына жақсы әсер ететіні дәлелденген.
Саусақтармен жаттығуларды және ырғақты қозғалыстарды орындау индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді. Бұл нәтижесінде сөйлеу тілінің дамуын ынталандырады.
Саусаққа арналған ойындар жағымды эмоционалды көңіл-күй тудырады, үлкенге еліктеу білігін дамытады. Сөйлеу тілін тыңдауға және сөйлеу тілінің мағынасын түсінуге үйретеді, баланың сөйлеу тілінің белсенділігін көтереді. Бала өзінің зейінін шоғырландыруға және оны дұрыс бөлуге үйренеді.
Егер бала жаттығуларды қысқа тақпақтармен қатар орындаса, оның сөзі неғұрлым анық, ырғақты, жарқын болады және орындаған қозғалысын қадағалауы күшейеді. Бала қолдарының белгілі қалпын және қозғалысының ретін есінде сақтауға үйренгендіктен, оның есте сақтау қабілеті дамиды.
Баланың елестетуі және қиялы дамиды. Барлық жаттығуларды меңгеру нәтижесінде қолдың білектері мен саусақтары күш жинайды, қозғалғыштыққа және иілгіштікке ие болады, ал бұл болашақта жазу дағдысын меңгеруін жеңілдетеді.
Упражнения для пальцев рук. Развитие мелкой моторики. Мелкая моторика рук развивает мышцы рук и пальцев, а также речь. Помимо этого, она взаимодействует с мышлением, воображением, двигательной и зрительной памятью, наблюдательностью, координацией и вниманием.
Қайық Лодочка
Екі қолды қосып саусақтардың ұшын және алақанды біріктіру, бас бармақтын ұшын ашып, ортасындағы бостандықты сақтау, қайықтай жүзуді елестетіп жаттығуды орындау.
Обе ладони соединены ребрами, подушечки средних, безымянных и мизинцев соединены, большие пальцы прижаты к ладоням.