«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
UNIVERSITY»
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
Саясаттану
БОӨЖ №7
«Рухани жаңғыру Қазақстан
Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа
моделінің стратегиясы»
Оқытушы: Аға оқытушы, саяси ғылымдарының кандидаты Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы
Орындаған:Сайлау Нұрай Ерғалиқызы
Курс: 1 курс
Тобы: 105 А
Мамандығы: Медицина
Алматы, 2023
Мақсаты
Қазақстандағы ұлттық қатынас
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру
Егеменді Қазақстан
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін жағдай өзгере бастады. Аяулы ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Туған жерімізде бірталай өркенді өзгерістер болып жатыр. Солардың ішінде ең бастыларының бірі тату-тәтті ынтымағы жараскан көп ұлтты халқымыз бар. Республика халкынын жартысына жакыны орыс тілділер болғандықтан болар, Қазақ Республикасының жаңа Конституциясының 7-бабында "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" делінген. Ата Заңның 14-бабында: "1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тен. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды" деп атап көрсетілген.
Елімізде этносаяси процестің негізгі субъектісіне мемлекет, Казакстан халықтарының Ассамблеясы, азаматтардын ұлттык- мәдени бірлестіктері, саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар жатады. Тіл туралы, иммиграция туралы заңдар қабылданды. Республикада әр түрлі ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарынын Ассамблеясы құрылды. Ол елдегі барлық этностардың мақсат-мүдделерін корғайды, олардың дамуын жалпы саяси, мәдени және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы реттейді.
Қазақстанда қазір 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілері келеді, өздерінің балаларын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет- ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі - табиғи, занды нәрсе. Сондықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемсітпеуіміз, шеттетпеуіміз керек. Өйтсек, оларды өз ұлтымызға қарсы қой- ып, ашындырып аламыз. Сондықтан осы атамекеннің иесі - казак халкы республикамыздағы басқа халықтардың басын қосып, оларға ұйтқы болып, бір қоғамға топтастыруға тырысқанымыз абзал. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында "қазақстандық ұлтжандылық", "жалпы қазақстандық мактаныш" рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.
Республикамыздын гүлденуі оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Сонда оның әрбір адамы да ауқатты, жаксы тұрады. Сондықтан мұнда тұрған әр халықтың өкілі жалпы Қазақстанның, әр облыс, аудан, елді мекеннің табысына қуанып, соған қажырлы еңбегімен аянбай-талмай үлес қосу керектігін сезінуі тиіс. Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |