Саясаттану боөЖ №7 «Рухани жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы»



бет2/2
Дата15.11.2023
өлшемі39,99 Kb.
#123441
1   2
Байланысты:
Саясаттану 7 (3)

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» ол 2050 жылға - дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын бағдарламалық мақала. Бұл мақсатқа бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету мүмкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық, әскери-саяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық сананы жаңғырту - бұл өмірлік маңызы бар және қажетті қадам.

Рухани жаңғыру – ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың, өткенімізді білудің, болашаққа бағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі болатын бастама.


Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы ұлт тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгеніңжетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты.

Егеменді Қазақстан

Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сырткы істер министрлігі негізінен хаттамалық қызметпен шектеліп, сырткы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі - Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымынын толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздін Хельсинки келісіміне қосылуы, СШҚ-1 Шартына, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған АҚШ-пен "Демократиялык серіктестік туралы хартияға" кол коюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Кытай сияқты ядролы державалардын Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.



Республиканың негізгі әлемдік валюта қаржы ұйымдарына - Халықаралық валюта қорына, Бүкіл дүниежүзілік банкіге, Еуропалық қайта құру және даму банкісіне енуінің маңызы зор. Сондай-ақ Еуропалық одақпен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге кол койды. Еліміз Азияның он елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.

Республика тиісті халықаралық институттармен, бірінші кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы - ұлы Абайдын 150 жылдык мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Саясаттану» Д.Жамбылов 2008ж. (150-152 беттері)


2. https://massaget.kz/

3. «Саясаттану» Д.Жамбылов 2008ж. (224-228 беттері)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет