Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері



бет16/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс № 15. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар.

1. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері.

2. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер. Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері.

3. Қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі үрдістері.

Ішкі саясат - өзіндік талаптар мен мақсаттарының халықаралық аренада орындалуына бағытталған мемлекеттің және басқа саяси институттардың әрекеттері.

Ішкі саясат мақсаттары: мемлекеттің экономикалық дамуына және жүргізіліп отырған саяси курстың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызу; халықаралық байланыстарымен бекітілген ішкі саяси мақсаттардың іске асырылуы.

Ішкі саясатты жүзеге асыру формалары: мемлекет арасындағы қатынастардың орнауы (немесе деңгейінің төмендеуі); халықаралық ұыймдарда мемлекеттің өкілеттілігі немесе оның мүшесі болуы; мемлекет, партия өкідерімен әртүрлі деңгейлерде эпизодтық және жиі қатынастар.

Мемлекеттік ішкі саясаттың әдістері: ақпаратпен жиі алмасу; әртүрді деңгейдегі кездесулердің болуы; екіжақты және көпжақты келісімдерді дайындау, жасау; мемлекеттердің ішкі және сыртқы саяси әрекеттерді қолдау немесе жол бермеу; толық және бөлшекті блокаданың дайындауы және іске асырылуы; соғысқа немесе әскери әрекеттер жасауға сыртқы саяси жағдайды туғызу, дайындау.

Сыртқы және ішкі саясат мәселесінде қазіргі саясатта 3 пікір бар:


  1. халықаралық саясат ішкі саясатқа ұқсас, екеуінде де басшылыққа, билікке талас бар. Бірақ ол ішкі және халықаралық орталықтағы шарттар бойынша. (Г. Моргентау).

  2. Сыртқы саясат ішкі саясатты айқындайды (Л. Тумплавич). Әлеуметтік өмірдің негізгі факторы өмір сүру құқығы үшін талас болып табылады, сондықтан халықаралық саясат жүйесіндегі ең негізгі заң – шекара үшін көршілес мемлекеттердің үздіксіз күрес заңы. Осыдан екінші заң туады: әр мемлекет өзінің көршілес мемлекеттің күшеюіне жол бермеу керек, саяси теңдікті қалыптастыру. Ал ішкі саясат әскери күшті нығайтуына бағыттау керек.

  3. Ішкі саясат – ішкі қоғамдық қатынастардың көрінісі (марксизм). Ішкі қоғамдық қатынастар қоғамдағы басты экономикалық қатынастармен және басқарушы таптың талаптарымен анықталады.

«Күш» концепциясының жақтаушылары саясатты билік үшін тартысқа әкеледі; «Күштің» пайда болуы әр адамда бар даминанттылық, басшылыққа жетуге талап деген қасиеттерден байланысты, сондықтан мемлекеттің әрекеттерін белгілейді; саяси күш күшті иелетіндер мен күш әсеріне шайдығатындар арасындағы психологиялық қатынастар ретінде топтастырылады.

Халықаралық саясаттың «биологиялық» табиғатын жақтаушылар мемлекет арасындағы басқыншыл саясат адамның агрессивті мінез-құлықтан пайда болады деп есептеген; мемлекеттік халықаралық беделдігі күшпен есептеледі деп санайды.

Халықаралық саясат – экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да факторлардың әсерінен пайда болған құбылыс деген пікір де бар. Сыртқы факторлар қаншалықты белгілі бір мемлекет өміріне әсер етсе, соншалықты халықаралық саясаттың мазмұнын айқындайды. Қазіргі кезде ішкі қоғамдағы энергетикалық және шикізат мәселелеріне ықпал етілуі күшеюде; өнеркәсіптік жағынан дамыған және қалған мемлекеттер деңгейлерінің айырмашылығы кеңеюде; «ядерлік қару иелері» клубының кеңеюі; халықаралық терроризм жиіленуі, және т.б.

Халықаралық саясатты түсіндіретін ұғым – «ұлттық мүдде». Ол ұлттық мемлекеттің мүдделерінің көшбасшылар жұмысында ашады. Осы мүдделер-ұлттық қауіпсіздік, қоғамды өзіндік қорғау мен даму жағдайларын туғызу.

«Ұлттық мұдде» концепциясын Г. Моргентау жасады. Оның концепциясында:


  • ұлттық мүдде түсінігі 3 элеметтен тұрады: 1) мүдделер табиғаты, ол қорғалуы тиіс; 2) саяси орта, онда мүдделер бар; 3) рационалды қажеттіліктер, ол халықаралық саясаттың барлық субъектілеріне бағыт таңдау және құралдарды шектейді;

  • тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саясатты физикалық, саяси және мәдени шындыққа сүйену керек, яғни ұлтқа;

  • әрбір ұлт халықаралық аренада өзінің өмір сүру құқызының орындалуына, қорғалуына бағытталған. Құрама Штаттар басқа ұлттарымен өзінің қатынасын құрғанда ұлттық мүддені ең бірінші орынға коюы керек.

Әдебиет:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003



2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет