Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері


Дәріс № 8. Саяси режимдер, түсінігі мен түрлері



бет8/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Дәріс № 8. Саяси режимдер, түсінігі мен түрлері.

1. Саяси жүйенің мазмұны мен мағынасы.

2. Саяси жүйенің құрылымы.

3. Саяси жүйенің функциялары, қызметтері.

4. Саяси режимдер.
1.Саяси құбылыстарды жеке бөліктерге бөліп талдайтын саяси анализ әдістері қанағаттандырмағаны саяси жүйе теориясы, пайда болуына және дамуына себеп болды.

ΧΧ ғасырда 50-жылдарда Дэвид Истон, Габриэль Алмонд, Роберт Алан Даль және тб. американдық саясаттанушылар көмегімен жалпылаушы теория қалыптаса бастады.

Концепцияның негізінде социология мен кибернетиканың жүйелі принциптері алынды. Оның мағынасы: әрбір жүйе обьект келесі шарттарды орындау тиіс: а) бірнеше байланысқа элементтерден тұруға; б) басқа элементтерден тәуелсіз болу, яғни белгілі автономия; в) минималді ішкі тұтастыққа болуға.

Саяси ортаға жүйенің қасиеттері тән. Сондықтан саяси ортаны автономды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруға болады.

Саяси жүйе мемлекеттік пен қоғамдық ұйымдардан, құқықтық пен саяси нормалардан, қоғамда саяси биліктің орындалу мен ұйымдастыру принциптерінен тұрады.


  1. Саяси жүйенің құрылымы.

  1. Саяси институттар – жеке, топтық және жалпы талаптарды анықтайтын әлеуметтік-саяси институттардан және ұйымдардан тұрады:

а) мемлекет

б) қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар

в) Бұқаралық ақпарат құралдары

г) шіркеу (дін институты)

2) Функционалды жүйе – жеке әлеуметтік-саяси институттар мен немесе олардың топтармен анықталатын функция мен рольдер жиынтығы.

3) Саяси ережелер жүйесі – саяси жүйе субьектілер арасындағы саяси-құқықтық ережелер және басқа да реттеуші құрамдар өзара байланыс (мысалы, әдет – ғұрып, дәстүр, саяси принциптер, көзқарастар және т. б.).

4) Коммуникативті жүйе – саяси жүйе субьектілер арасындағы саяси билік және оны бағындыру ұйымдастыру, пайдалану жайындағы әртүрлі қатынастар жиынтығы. Осы жиынтыққа кіретін қатынастар: әлеуметтік топтар, кластар, халық өкілдер, арасындағы, мемлекет пен саяси ұйымдар арасындағы, саяси ұйым ішіндегі және мемлекеттер арасындағы.

5) идеологилық жүйе – саяси ойлау қабілетін дамытатын және саяси мен құқықтық мәдениетті қалыптастыратын саяси пікірлердің, ойлардың, теориялардың, тұжырымдамалрдың жиынтығы. әлеуметтік-саяси практика әсерінен қалыптасқан саяси өмір қатысушылардың ойлары, бағалы бағыт, эмоциялары олардың іс-әрекеттеріне және бүкіл саяси дамуына өз ықпалын тигізеді.



3. Саяси жүйе функциялары, қызметтері.

1) Саяси әлеуметтенудің қызметі;

2) Қошаған ортаға бейімделу қызметі;

3) әсер ету қызметі;

4) экстракциондық қызмет - өзіндік қызмет етуіне қажетті ресурстарды ішкі немесе сыртқы ортадан алу қабілеті.

5) дистрибутивті (таратушы) қызмет – қоғам ішіндегі топтар талаптарын қанағаттандыратын, интеграцияны қамтамасыз ететін ресурстарының саяси жүйемен таратылуы. Ресурстарға қызмет көрсету, статус, ерекшеліктер және т. б. жатады.

6) реттеуші қызмет
Әдебиет:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет