Саясаттану глоссарий Абсентеизм


Прогресс- алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт. Пролонгация-



бет19/28
Дата10.12.2023
өлшемі74,53 Kb.
#135715
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Глоссарий 2023

Прогресс- алға қарай үдеп, дамуды білдіретін бағыт.
Пролонгация- белгілі бір саяси келісім шарттың мерзімін созу.
Промульгация- мемлекет шеңберінде жасалған жаңалық, өзгерісті жариялау.
Протекториат- күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы. Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап, жерін қосып алудың амалы болып шығады. Мысалы, XXғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті, кейін оны өзіне қосып алды.
Протекционизм-1)ұлттық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғау үшін жүргізілген мемлекеттік саясат 2)жақсы қызметкерлерге білімділігі, қабілеттілігі, іскерлігіне қарай емес, тамыр-таныстығы арқылы орналасу немесе билік басындағы адамдардың өздеріне керек істерге қамқорлық жасауы.
Радикализм-партияның, қозғалыстың, фракцияның, жеке басшының және т.с.с қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгертуге мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті, қимылы. Әдетте, оппазициядағы күштер билік басындағылардың қызметін тартыншақтық, жасқаншақтық,баяулық жасап отыр деп кінәлайды.
Ратификация- мемлекеттер арасындағы жасалған шартты жоғарғы өкімет орындарының бекітілуі. Бұған кейін мемлекеттер ратификациялық грамота деген құжатпен алмасады да,келісім-шарт күшіне енеді.
Реабилитация-жазықсыз айыпталған адамды ақтап, жақсы атын қалпына келтіру.
Реакция- 1)белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл; 2) қоғамдық прогреска қарсы бағытталған, күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат. Ол, әдетте,жаппай зорлық-зомбылық, күш жұмсаудың, экономикалық саяси езгінің күшеюіне, еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.
Реакциялық партиялар-қоғам дамуындағы өтіп кеткен формацияларға немесе дәуірлерге қайтып оралуды көксеуші партиялар.
Реваншизм- жеңілген мемлкеттің жаңа соғыс арқылы бұрынғы жерін қайтаруға немесе саяси күштің алғашқы жағдайды қалпына келтіруге тырысады.
Революция-қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріс.Оның біртіндеп, ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістер жасайтын реформадан айырмасы зор.Ол көпшілік күштерді қозғалысқы келтіріп, революциялық ситуацияны тудыратын объективтік өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Оның қозғаушы күшіне үстемдік етіп отырған қоғамдық құрылысты құлатып, одан жоғары прогресті құрылысты орнатқысы келген таптар, әлеуметтік топтар жатады. Революциялық құрылыстың субъектісіне және оның алға қойған мақсатына байланысты революцияны буржуазиялық, буржуазиялық-демократиялық, ұлт-азаттық және т.с.с. етіп бөледі. Революция қоғамның дамуын орасан зор жеделдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет