Саясаттану глоссарий Абсентеизм


Объект-Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектіне саясат әлемі жатады. Одақ



бет16/20
Дата12.08.2023
өлшемі55,72 Kb.
#105206
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
термины саясаттану

Объект-Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектіне саясат әлемі жатады.
Одақ- жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте партиялардың депутат тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдау үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттарды, көзқарастары жақын партиялар бірігіп, іс-әрекет жасамақ болып өзара келіседі. Экономикалық,әскери және т.б. мәселелерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар құрылады.
Оккупация- бір елдің жерін екінші мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы. Онда сол мемлекет өкімет билігі жойылады, басқару органдары оккупациялық әскери күштердің әкімшілігіне беріледі.
Олигархия- саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі. Немесе, сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы мүмкін. Сондықтан қаржы олигархиясы деп аталады.
Оппозиция-1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санамайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік қызмет атқарады.
Оппозициялық партиялар- өздерінің конституциялық құқықтарын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, белгілі бір қоғамдық пікір тудыру арқылы билеуші партияға ықпал жасауға тырысқан партиялар. Олар басқарушы партияның саясатына сын көзбен қарайды.
Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
Өктемшілдік- жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік- саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесті органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды.Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбінесе саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді.Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Өркениеттілік-1)қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі. 2)мәдениеттің синонимі 3)Л.морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуына варварлықтан кейінгі сатысы.
Өкіметті бөлу- өкіметті іске асыру принципі мен механизмі. Соның негізінде уәкілеттілік пен функцияны дифференциалдауды қамтамасыз ету, саяси институттарды үйлестіру, кооперациялау және оптималды үйлестіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет