Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар: Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс);
Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған.
Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған
Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович);
Маркстік концепция (К. Маркс);
Теологиялық тұжырымдама (А. Августин);
Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).
Мемлекет түрлері мен қызметі Басқару түріне байланысты:монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).
Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.
Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.
Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.
Абсолютік монархияның белгілері:
монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;
Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.
монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.
Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.
Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).
Президенттік республика белгілері:
Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;
Президент үкіметті құрады;
Үкімет президент алдында жауапты;
Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.
Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;
Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.
Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.
Оның белгілері:
Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;
Президент кең құзыреттерге ие;
Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.
Мемлекеттік құрылымына байланысты:унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.
Унитарлық мемлекетті біріктіреді:
Діни белгісіне байланысты:зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.
Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.