Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді бағытталады.
Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясы атқарады.
Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз.
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани, т.б.) әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады.