Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл – әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік-таптық, топтық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.