Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасының мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап-тілектері қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немес шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, демек нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.
Сондықтан, әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөлдегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендеру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.
Жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы