Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ


Саясаттундың зандары мен принцип-тері, категориялары мен тәсілдері



бет6/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Саясаттундың зандары мен принцип-тері, категориялары мен тәсілдері. Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады. 1. Саяси-экономикалық заңдар. 2. Әлеуметтік заңдар. 3. Саяси психологиялық заңдар.
Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынандай негізгі принцип-терге сүйенеді:
1. Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.
2. Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.
3. Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.
Бұл бүкіл қоғамдық саяси процесті бірбүтін қозғалыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, саясаттану ғылыми танымның мынандай жалпы философиялық принциптеріне де сүйенеді: тарихи-логикалық сабақтастық принциптері, абстракциядан деректілікке өту; жалпының, ерекшенің және жекешенің диалектикалық бірлігі принциптері.
Саясаттанудың ғылым ретінде өзінің категориялары жүйесі бар. Категориялар дегеніміз әр ғылымның бүкіл құрылымдық табиғатын айқындауда, түсіндіруде қолданатын негізгі ұғымдар тізбегі.
Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси ұйымдар, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси құндылық, саяси нормалар, саяси субъект, саяси объект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси этика, мемлекет, саяси право, саяси үстемдік, саяси конфликт, саяси ымыра, саяси статус, саяси күрес, саяси бостандық пен теңдік, саяси жауапкершілік, саяси талғам, саяси болжам, саяси плюрализм, саяси тәжірибе, саяси мінез-құлық, саяси дағдарыс, саяси тұрақтылық, саяси пікір, саяси іс-әрекет, саяси эмоция, саяси элита, саяси көсем т.б. Саясаттанудың танымдық мүмкіндіктері оның ұғымдық (категориялық) аппаратының қалыптасуы және дамуымен ғана байланысты емес, сонымен бірге саясаттанудың жаңа білімдерді алу тәсілдерімен де байланысты. Барлық ғылымдардағы сияқты оған да төмендегідей ғылыми зерттеу тәсілдері тән.
1. Жүйеліқ тәсіл. Бұл тәсіл саясаттануда зерттелетін құбылыстардың пайда болуы, оның даму барысы туралы шынайы бағдарламаларды жасауға көмектеседі. Жүйелік тәсіл арқылы экономикалық даму жүйесі мен қоғамның саяси жүйесі, урбанизация мен адамдардың саяси мүддесі, саяси белсенділігі, саяси партиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері мен сайлау жүйесі арасындағы өзара байланыстылықтар ашылады.
2. Бихевиористік тәсіл. Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның топтарының мінез-құлықтарына талдау жасау арқылы зерттейтін тәсіл. Ол тиімді тәсілдердің бірі болып есептеледі. Өйткені, мұнда саяси құбылыстардың көпжақтылығын, көпмәнділігін, өпқырлылығын, ондағы қарама-қарсылықты, еркін саяси бәсекелер мен тайталастарды, бір сөзбен айтқанда саяси плюрализмді ескеруге негізделеді.
3. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі (сандық тәсіл). Бұл зерттелетін құбылыстарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге және саяси процестердегі белгілі бір тұрақты заңдылықтарды негіздеу үшін маңызды рөл атқарады. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі әдетте сайлау процесінде, референдум жағдайларында саяси институттардың дамуында халықтың, әртүрлі әлеуметтік топтардың оң және теріс пікірлерін есепке алып, олардың саяси мінез-құлқы мен іс-әрекетін алдын-ала болжап отыру үшін қажет.
4. Салыстырмалы тәсіл. Бұл кеңінен қолданылатын дәстүрлі тәсілдердің қатарына жатады. Бұл тәсілдің салыстыру объектілерін іріктеуде белгілі бір принциптерге сүйенеді. Салыстырмалы тәсіл әртүрлі саяси жағдайларды салыстыра отырып талдау арқылы әр елдің өз мемлекеттік құрылымына сай, экономикалық-саяси, мәдени-рухани жағдайына сай келетін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет