Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет9/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Бақылау сұрақтары:

        1. Саяси ғылымның тарихын оқып – білудің маңызы неде?

        2. Платон, Аристотель, Цицерон жеке меншікке қалай қарады?

        3. Ортағасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?

        4. «Макиавеллизм» деген не?

        5. Қоғамдық келісім теориясы деп нені айтады?



ӘДЕБИЕТТЕР:

          1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

          2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

          3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

          4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

          5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

          6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №3 Қазақстан саяси ойларының тарихы
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы саяси ойдың дамуы және оның қалыптасуын анықтау

Негізгі мәселелері:



  1. Қазақ халқының саяси ойларының қалыптасу тарихы.

(Жүсіп Баласағұни, Асан қайғы, Иассауй)

  1. Фольклор – қазақ халқының саяси ой пікірлерінің қайнар көзі.

  2. Тәуке хан заңдары.

  3. Жаңа заман саяси ойлары

(Тәуелсіздік терең ұғым)

Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой – пікірлерге бай. Оның ішінде шоқтығы биік аты әлемге әйгілі қоғам қайраткері – Жүсіп Хасқаджиб Баласағұни. Оның өмір баяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі «Құтадғу білік» («Бақытқа жеткізуші білік») дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі – сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі түркі тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне түсінікті болу үшін жазса керек.


Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан «Құтадғу білікте» мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол – тек саяси трактат ғана емес, онда өмірдің мән – мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез – құлқы, салт – санасы, әдет – ғұрпы туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.
Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Иассауй жатады. Ахмет Иассауй түркі тілдес халықтарының аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. Мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жинаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы танымал өкілдерінің бірі. Ахмет Иассауй – Испиджаб қаласында туған. Ақынның туған жылы белгісіз, 1166 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Ер жете келе Түркістан қаласына келіп тұрады. Оның басты шығармасы «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Даналық кітабында негізінен төрт мәселе мадақталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет