Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет11/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Шешендік сөздер ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерінің бірі. Шешендік сөздерге халықтың, ұлттың тарихы, дүниетанымы, азаттық, тәуелсіздік аңсаған күрескерлік рухы жатады. Шешендік өнердің ерекшелігін танытатын еңбектер Бөлтірік Әлменұлының шешендік сөздер жинағы. Шешендік сөзде айтушының мақсаты баяндалып, сипаттап түсіндірумен қатар нандыру, ұйыту, сендіру, бұйыту, иман келтіру болады. Шешендік сөз адамның жанына, қанына, ойына, бойына әсер етеді. Шешендік сөздің айрықша белгілері:

  • жүректі билейді;

  • жүйесін босатады;

  • қанын қыздырады;

  • арқасын қоздырады;

  • намысын келтіреді.

Бұл қазақ фольклорының бір тармағы шешендік сөздің өзіндік белгілері. Фольклордың ендігі тармақтары аңыз, ертегі, жылнама, шежіре жатады. Оларда көбінесе тарихи оқиға, жеке қаһарман, жүйрік ат, алғыр құс, ай, күн, жер, су, жұлдыздар жайында айтылады. Аңыздар өзіндік сипатына қарай мифтік және тарихи аңыздар деп бөлінеді. Қазақ аңыздарының тегі сақ, үйсін, тұран, түрік қағанаты, оғыз, қыпшақ, ноғай дәуірі жайлы айтылады. Тарихи сипатына қарай қазақ аңыздары қала аңыздары, дала аңыздары деп бөлінеді. Ертегі, жыр, аңыз, шежіре, тұрмыс – салт жырлары барлығы да қазақ халқымен туа бітіп, біте қайнасқан фольклор жанрларының тармақтары. Олардың тәрбиелік және ел басқару саясатында алатын орындары өте зор. Бір ғана нақыл сөздің өзінде бүкіл ел мен жерді қорғау керектігінің өз елінен асқан ел жоқтығын білдіреді. Мысалға, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол».
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай олар бізге жетпеді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы ауыр еді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталатын қазақ әдет – ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Кеңінен алғанда Тәуке хан заңдарының құрылымы:

  1. байырғы әдет – ғұрып нормаларының Тәуке тұсында жаңартылған «феодалдық кодекс».

  2. билер сотының тәжірибесі «түйінді биліктер шежіресі».

  3. ұсақ хандықтардың өзара биліктерін, ынтымақтарын нығайтып, сыртқы жауларға қарсы тұру заңдары мен жазба актілері.

  4. шариғат, қылмыстық салалар бойынша ұйымдастырылған заңдар.

Тәуке заңдары арқылы барлық тайпа – рулардың ұранымен мал – мүлкіне арналған таңба түрлері белгіленіп, хан билігінің беделін нығайтуға бағытталған шаралар қолданылды. Тәуке кезінде Россиямен дипломатиялық, сауда байланысы нығайып, елшіліктер алмасу, аманат беру практикалық іске айналды. Тәуке хан заңдарының ауыртпашылығын еңбекші бұхара халық көтерді. Алым – салықтың жаңа түрлері (аманаттық салық, ру басшыларының борышын төлеу, хандық, билік салықтары) белгіленіп, айып – құн, қалың мал төлеу мен барымтаның зардабын қатардағы қауым мүшелері көтерді. Кісі өлімі жайында ежелгі «қанды кек» принципі сақталып, тек ерекше жағдайда билердің шешімі негізінде құн төлеумен бітісті. Сұлтан мен қожаның құны қарадан жеті есе артық, әйелдің құны ердің құнынан екі есе кем болсын делінді.
Тәуке хан «халық кеңесі» мен «билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырды. Өз кеңесінде халықтың өзек жарды мәселелерін: көші – қон, ел тыныштығы мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану тағы басқаларын жүйелі түрде талқылап отырды.
Сайып келгенде, Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет