«Саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы


Саяси даму және модернизация



бет12/14
Дата06.12.2022
өлшемі109,68 Kb.
#55329
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
«Саясаттану» п ні бойынша д рістер жина ы

13 Саяси даму және модернизация
1. Саяси процесс туралы ұғым және оның жіктелуі.
2.Саяси процеске қатысу түрлері, жүру барысы
3.Саяси даму мен бейімделудің мәні. Бейімделудің кезеңдері және оған байланысты көзқарастар.
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Қоғамдық өмір оның ішінде саяси сала-өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей жатады. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші қалыпты жағдайға ауысуын саяси процесс деп атайды. Саяси процесстің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда. Мұндай жағдайларға билік институттары, кәсіподақтар т.б. ұйымдар қатысады. Саяси процесс –күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. Саяси жүйені 4 сатыға бөлеміз. 1.Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. 2.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы 3.Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. 4.Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге аысрушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын білдіреді. Оны 3-ке бөлеміз. 1.Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. 2.Саяси тәртіптің дамуы 3.Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы Саяси процестің жіктелуі ішкі және сыртқы болып келеді. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емінеркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуіоқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады. Демек саясаттану пәні қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның саяси әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы саяси әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Саяси - әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саясимәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады. Қоғамның саяси құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Саяси модернизация түсінігі мен мәні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен әлеіметтік және саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды әдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеуұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты.Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет.Модернизацияның мәні неде?Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады: - модернизация және оны жүзеге асыру процессінде негізінен жүгінетін бағыттар, үлгілер және басқару принциптері қандай болу керек? - модернизация процесі барысында теориялық мәнге мемлекеттің қатысу деңгейінің сәйкестігі қаншалықты және либералды нарықтық экономикасы бар плюралистік қоғамдағы өзін өзі басқару мен ұйымдастыру деңгейі бұл процессте 0аншалықты автономды болып отыр? Формациялық, өркениетті және жахандық сараптама сызбалар негізіндегі бағам көрсетіп отырғандай бұл аталмыш мәселелер тек теориялық тұрғыда анна емес, сонымен қатар саяси жоспарда да күрделілік танытып отыр. Ал бұл жағдай тәжірибеде өтпелі қоғамда демократияландыруда мемлекеттік саясатты белгілі бір импровизацияға ие болуымен сипатталады. Әлеуметтік саяси ғылымдарда қабылданданғандай өтпелі қоғамға жағдайлар дәстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға өтуі мінездейтін модернизация теориясының бастысы болып табылады. Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму заңдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер және әлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар және мәдени құрылымдар мен оның функцияларының қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сәйкестігін тану. Екіншіден, өтпелі қоғам – ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам: - жоғары деңгейдегі индустриализация; - жоғары валдық ішкі өнімдер мен энергрияның органиқалық емес көзгерін кеңінен қолдануда тұрақты экономикалық даму; - қоғамдық процесс мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану; - халықтың жоғары және сапалы тұрғыды өмір сүру деңгейін арттыру; - өндіріс, ғылым және тұтынушы салаларымен байланысты аймақтың жоғары мобилді кәсіби – салалық құрылымдарын барынша өркендету; - әлеуіметтік стратификация жүйесіндегі орта класқа ерекше көңіл бөлу және т.б. үшіншіден, модернизация – бұл қоғамдық өмірдегі баолық салаларындағы сәйкес өзгерістердің қажеттігін және психологиялық бағыттағы түрленудің кешенді процесі. Төртіншіден, демократиялық модернизацияның феномені – жаңару механизмінін игеру және саяси қызмет технологиясының өзгеруі, сонымен қатар саяси мақсат, доктрина, крнцепция, бағдарлама және жобасы болып табылады. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын. Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Өзгеру емес, жетілуЖоғарыда айтқанымыздай, саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Алайда, толыққанды саяси даму басыбүтін көппартиялыққа да, Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін жасанды шектеуге де тіреліп тұрған жоқ. Қоғамның өзін-өзі реттейтін төменгі инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол - жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ. Мысалы, Тұрғын үй-коммуналдық кешені жүйесін толықтай реформалау қажет. Өз үйінің, ауласының дамып, гүлденуіне ықпал ете алмайтын сайлаушы мемлекетке не береді? Одан мемлекет не күтеді? Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де. Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес. Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз. Саяси модернизацияға байланысты Г.Алмонд пен Л.Пайдың классикалық анықтамасына сүйенсек, Қазақстандағы саяси дамуды үздіксіз жетілудің үлгісі ретінде көруге әбден болады. Оң өзгерістер мемлекеттік ағзаның тұрақтылығы мен тиімділігіне кепіл болып отыр. Классикалық теория бойынша саяси модернизацияның үш белгісін бөле-жара атауға болады: 1) Саяси жүйе институттарының құрылымдық айырмашылығы және олардың міндет бөлінісі (Қазақстандағы мемлекеттік жүйе орнықты, басқарушы орталықтардың міндеттері мен өкілеттіктері айқындалған. Билік бұтақтары бөлінген, негізгі заңдық базасы жасалған. Мемлекеттік басқару түрі анық - күшті президенттік билікке басымдық беретін президенттік-парламенттік республика); 2) Саяси жүйенің өмір сүру және топтаса білу қабілетінің өсуі (Қазақстандағы билік 20 жыл ішінде, өзі тап болған түрлі кедергілер мен тәуекелдерге қарамастан, өмір сүру қабілетінің аса жоғары екенін дәлелеп келеді); 3) Тең құқылыққа, тепе-теңдікке ұмтылыс (заңдық тұрғыдан азаматтардың теңдігіне кепілдік берілген, алайда, жемқорлық, жершілдік, заңдардың өз деңгейінде орындалмауы наразылық туғызары анық. Десе де мемлекеттік идеология заң алдында барлығы тең әрі жауапты деген ұстанымнан ауытқыған емес). Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек. Өйткені, жоғарыда айтқандай, қоғамдық ой мен пікірге төрелік етіп отырғандардың сан түрлі пікір-долбарлары кереғар, қайшылықты. Олардың жаңа саяси модернизациясы мемлекеттік құрылымды өзгертуге алып келуі де мүмкін ғой...Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру. Өкініштісі, сол мақсатты орындау жолында дамыған әлемдегі озық дәстүрлерді ұстанудың орнына, көп жағдайда мұрнымыздың астындағыны ғана көрумен шектеліп келеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет