БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті АҚ "Қазақстан тарихы, экономика және құқық" кафедрасы
«Саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы Құрастырушы: т. ғ. м., аға оқытушы. Әуезов Қ Ж
Жезқазған, 2020 ж. "Саясаттану" пәні бойынша дәрістердің жинағын т. ғ. м., аға оқытушы. Әуезов Қ. Ж. құрастырды, "Қазақстан тарихы, экономика және құқық" кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді
2020 жылғы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ №хаттама_____
Құрастырушы ______________ Әуезов Қ. Ж
Кафедра меңгерушісі______________________Темірбаева Г. Р.
№1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.
1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
2.Саясаттану пәні, ұғымдары мен әдіс-тәсілдері.
3.Саяттану пәнінің қызметі мен парадигмалары.. Басқа пәндермен байланыстылығы.
Жоғарғы оқу орындарында студенттердің саясаттануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт болды. Саясаттану пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарымқатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны Жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді. Саясаттанудың қарастыратын мәселелерін анықтау үшін алдымен «әлеуметтік» сөзінің анықтамасы грек-латын тілдерінен «socitias» және «logos» яғни қоғам туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді.Адамзат тарихында саясат негізі қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын саяси- әлеуметтік құбылыстар, саяси процесстер менсаяси ішкі, сыртқы, халықаралық мемлекеттік т.б. қатынастар тұрғысынан қарастырады. Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуіоқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады. Демек саясаттану пәні қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның саяси әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы саяси әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Саяси - әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген саяси-экономикалық немесе тек саяси-идеологиялық, саясимәдени рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады. Қоғамның саяси құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Саясаттанудың негізгі категориясы «саяси немесе саясат» ұғымы. Бұл ұғымдарға «саяси жүйе», «саяси құрылым», «саяси институт», «саяси топ», «саяси әрекет» т.б. жиынтығы бойынша зерттеулер жасайды. Саясаттану ХІХ ғасырдың екінші жартысында жеке пән болып қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпиикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. ХХ ғасырда бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде. Саясаттану пәні екі топты зерттеуді эмпирикалық және бихевиористік жүзеге асырады. Зерттеу негізі – саясат туралы. Оның бірнеше әдіс-тәсілдері бар. 1.Салыстырмалы әдіс- саяси құбылыстарды салыстыру арқылы, 2.Жүйелеу әдісі-күрделі құрылымдарды қарап, әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін байланыстылығын қарастырады. 3.Социологиялық әдіс-саясатты қоғам өмірінің барлық салаларына байланыстылығын анықтайды. 4.Тарихи тәсілі-саяси оқиғалар мен процестердің уақыт мезгілін еске ала отырып жүйелеу. 5.Нормативтік әдіс- табиғи құқықты іске асыруға бағытталған әдістерді айтамыз. Саясаттанудың өзіндік түрлі қызметтері де бар. Олар: бағалау, реттеушілік, жетілдіру, болжау. Саясаттағы «парадигма» ұғымы зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Ол ұғымның енген уақыты ХХ ғ. 20-жылдарында. (американ тарихшысы-Г.Кун.) парадигма түрлері: 1.Теологиялық парадигма-ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. 2.Натуралистік парадигма-ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді. 3.Әлеуметтік парадигма-саясатың табиғаты мен пайда болуын факторлар арқылы түсіндіреді. 4.Тиімді-сыни парадигма- саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Саясаттану біршама ғылымдармен Тарих, философия, этика т.б. ғылымдармен өте тығыз байланысты.
№