«Саясаттану» пәні бойынша дәрістер жинағы


Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар



бет9/14
Дата06.12.2022
өлшемі109,68 Kb.
#55329
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
«Саясаттану» п ні бойынша д рістер жина ы

10. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар
1.Саяси партиялардың пайда болуы мен қалыптасуы. Олардың атқарар қызметі.
2.Партияларды танудағы аспектілер: әлеуметтік құрылымы, саяси платформасы мен идеологиялық бағыттары.
3.Партия типтері. Мемлекеттік саяси жүйедегі партия ролі
4. ҚР қоғамдық-саяси қозғалыстар және олардың саяси белсенділігі.
Саяси жүйеге мемлекетпен бірге саяси партияларда кіреді. «Партия» сөзі латын тілінен аударғанда «бөлу», «бөлшек» дегенді білдіреді. Алғаш Ежелгі Грецияда пайда боды. Қазіргі саяси партиялар ХІХғ. 2-ші жартысында Еуропада пайда болған. Оған ықпал еткен буржуазиялық революциялар болды. Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі-парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Алғашында көпшілік партия болмады. Бірінші көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда пайда болды. Соңынан мұндай партиялар қаптап кетті. Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады. Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті-азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүрсе сол партияның әлеуметтік негізін құрайды. Демек, солардың мүддесін қорғайды. Және де саяси өмір мәселесіне баса назар аударады. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты 4 түрге бөлінеді. 1.Авангардтық партия 2.Сайлаушылар партиясы 3.Парламенттік партия 4.Қауымдстық партия Саяси идеологиясына қарай 5 түрге бөлінеді: 1.Коммунистік партия. 2.Социал-демократиялық партия, 3.Буржуазиялық-демократиялық партия. 4.Консервативтік партия 5.Фашистік партия. Бұл аталған партиялардың өзіндік идеологиялық бағытына және саяси тәртіпті қолдауларына қарай өзіндік әрекеттері бар. Саяси өмірдегі алатын орны мен билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық деп бөлінеді. Олардың жұмысын әдетте құқықпен немесе Конституциямен реттеледі. Бұл жағдай қазір Қазақстанда да көп партиялы жүйемен реттелуде. Және де қоғамның саяси өмірі қоғамдық-саяси қозғалыстарменде толығуда. Бұл саяси өмірдің мәселелсін реттеуші күштердің болуы демократиялық кезеңнің орнығуымен сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет